Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы бойынша “НАУРЫЗНАМА”
Елімізде биыл Наурыз мейрамын тойлатудың жана тұжырымдамасы бекітілді. Биылдан бастап Ұлыстың ұлы күні қарсаңында онкүндік бастау алып, 14-23 наурыз күндері аралығында әр күнге атау беріліп, соған орай түрлі іс-шаралар өткізілді. Наурыз – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын , бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Ол енді жаңа сипатта, бағдарламасы байытылған түрде тойлана бастайды. Мақсаты – осы уақытқа дейін қалыптасқан көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның