Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «Б.Момышұлы атындағы № 35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» комунальдық мемлекеттік мекемесі Анықтама » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «Б.Момышұлы атындағы № 35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» комунальдық мемлекеттік мекемесі Анықтама
15
март
2024

Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі «Б.Момышұлы атындағы № 35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» комунальдық мемлекеттік мекемесі Анықтама


         2024 жылдың 15 наурыз күні  5-7 сыныптар арасында  «Мен –тұлғамын» дөңгелек үстелі өткізілді.    Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар саны-

Мақсаты: білім көтерушінің өзін - өзі сезінуіне және басқаны түсінуіне жағдай жасау.

Міндеттері:

адамның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге көмектесуі; өзінің тұлғалық қырларымен өзгелерді таныстыруға мүмкіндік беру; өзінің және басқалардың жеке бас сапаларының қалыптасуына ықпал ету.

Дөңгелек үстелде қатысушылардың даралық ерекшеліктері мен тұлғасын ашып, басқалармен қарым – қатынасқа түсуді жан – жақты қарастыру мақсатын жүзеге асыратын үш кезеңнен тұрады. Олар:

1. Диагностикалқ - бағдарлы кезең .

2. Негізгі кезең.

3. Қорытынды кезең

І. Диагностикалық – бағдарлы кезең.

 Бұл кезеңде әрбір қатысушы өзінің есімін айтып, есімі ұнайды ма, жоқ ұнамайды ма, немесе топта өзін қалай атағанды жөн көретіндігі туралы айтуы керек.Топ мүшелерін шеңбер көлемінде отырғызуға болады.Шеңбер көлемінде отырып, өз есімін және өз есімінің бас әріптен басталатын жағымды қасиетін айтуы қажет.

Жаттығу аяқталғаннан соң талқылау жұмысы жүргізіледі: өз жеке бас қасиеттерің ұнайды ма? Қандай сезімде болдың? Жағымды қасиет табу қиынға соққан жоқ па? Деген сұрақтар қойылып оқушылардың өз  ойларын анықтау болды.  

ІІ. Негізгі кезең. Тұлғаның негізгі және жанама қабілеттілігін анықтау.

Мақсаты: Тұлғаның негізгі және жанама қабілеттілігін анықтау, өзін-өзі тану қабілетін дамыту, өзіне-өзі баға беруге қалыптастыру, басқалармен санаса білуге үйрету.

Төмендегі ұсынылып отырған жаттығулар тұлғаның мына сапаларының дамуына ықпал етеді: сенім, қатынас, шыдамдылық, шыншылдық және сыпайылық, өзіндік дербестік т.б. сұрақтар қойылып, түсініктеме берілді. 

Қорытынды кезең

Қорытынды кезеңнің мақсаты дөңгелек үстелде қатысушылардың алған тәжірбиелерін жинақтау, өзі туралы ойларын бекіту болып табылады .

Әңгімені барысында мына сұрақтарды қамтуға болады:

сабақ барысында өзіңізге деген көзқарасың өзгерді ме?

өзіңіз туралы жаңалық аштыңыз ба?

басқалар жайлы не біле алдыңыз?

не ұнады?

не қиындық туғызды?

Қорытынды кезеңінде әр түрлі жаттығулар арқылы рефлепрактикум ұйымдастырылды. Мысалы: 1-жаттығу. «Мен - ескі, мен – жаңа»

Қажетті материалдар:сурет салуға арналған қағаз немесе картон, ескі журналдар жинағы, қайшы, желім, фломастерлер.

Топ екіге бөлініп, бірі – «менің ескі өмірім», ал екіншісі – «менің қазіргі өмірім» тақырыбында коллаж жасайды. Коллаж жасау аяқталғаннан соң, жалпы талқылау жұмысы жүргізілілді.  Барлық оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсене қатысты.