2022-2023 оқу жылындағы атқарылған есеп » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған есеп
25
май
2022

2022-2023 оқу жылындағы атқарылған есеп

Бірлік ауылы Б.Момышұлы атындағы  №35 мектеп-гимназиясы
2022-2023 оқу жылындағы атқарылған 
есеп
          2022 жылдың 21 қыркүйек күні Тұздыбастау ауылындағы мәдениет үйінде «Алдаспан» аудандық шешендік  өнер сайысына мектебімізден 11 сынып оқушылары Күржікбаева А, Есдаулет А және 7 ә сынып оқушысы Қашқынбай Айлун  қатысып, алғыс хатпен марапаталып келді. 
 
       2022 жылдың 26 қыркүйек  күні 1-10 сыныптар арасында «Күзгі бақ» көрмесі өтті. Көрме күзге байланысты жүргізілді. Мақсаты- күздің кереметтерімен таныстыру, оқушыларды еңбеккке,әсемдікке баулу, ізденімпаздыққа   үйрету және шығармашылықтарын шыңдау.
Бұл көрмеге барлық сыныптар толық қатысты. Көрме жемістерден, ағаш жапырақтары мен қурайлардан, табиғи қалдықтардан, экибано түрінде т.б жасалды. Сонымен қатар кептірілген жапырақтардан экибано, жапырақтардан картиналар жасалды. Комиссия мүшелері оқушылардың  жұмыстарын  бағалап, сыныптарды  марапаттады.
        Мектебіміздің медбикесі «Қыздар гигиенасы» тақырыбында мектеп қыздарына баядама  оқыды. Өз баяндамасында қыз баланың жеке басының гигиенасы қандай болу керектігін айтып өтті. Оқушылар арасында медбикеге жеке басының гигиенасы, жыныстық тазалығы туралы кеңес алып, сұрақтар қойылды.     Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі қыздар кеңесінің төрағасы 9в  сынып оқушысы   5-11 сынып оқушылары арасында қыз баланың сыртқы келбеті, қыз баланың шаш күтімі, тырнақ күтімі және оқушылардың мектеп формасымен үнемі жүруі туралы айтып кетті. 
2022 жылдың 7 қазан күні мектепішілік «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» акциясы өткізілді. Бұл жарысқа  5-7 сыныптар арасында 9 оқушыдан құралған команда қатысты. 
Жарыстың өткізі мақсаты-оқушылар арасында жол жүру тәртібін оқып-үйрету. 
      2022 жыл 20 қазан күні Талғар қаласы №7 мектепте аудандық оқушылар шығармашылығы арасындағы «Берекелі күз» байқауы өтті. Байқауға аудан бойынша 11 мектеп қатысты.   Сонымен қатар қазан айында аудандық мектеп оқушылары шығармашылығы арасындағы «Берекелі күз» ән-би және сән үлгісі байқауына оқушыларымыз қатысып, сән үлгісінен 1 орын,  ән байқауынан 3 орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.
           2022 жылдың 5 желтоқсан күні Талғар қаласындағы №7 мектепте  «Жастар нашақорлық пен СПИД-ке қарсы» атты  аманат партиясы мен аудан   прокуратурасы және аудандық ішкі істер басқармасының  ұйымдастыруымен  өткен  аудандық мектеп оқушылар арасындағы Көңілді тапқырлар  клубы  жарысына     №35 мектеп-гимназиясынан «Нар Тәуекел» командасы қатысты. Команда 8-11 сынып оқушыларынан құралды. Аталған жарыста «Нар Тәуекел»  командасы жүлделі  2 орынға ие болып, Талғар АІІБ бастығы полиция полковнигі Р.Е. Джарыкбасов   мырзаның мақтау қағазымен марапатталды.
2022 жылдың 28 қараша күні Талғар қаласындағы мәдениет үйінде, талғар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен . Жасөспірімдердің өнерге  деген көзқарасын оята отырып, бала бойындағы музыкалық тәрбиені жетілдіру және  шебер орындауын қалыптастыру, рухани адамгершілік, көркем этикалық, эстетикалық сезімдерін арттыру. Мерекелік көңіл күй сыйлау. Би  өнерінің шебер орындалуына ықпал жасау, топпен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру мақсатта   
«Балдай тәтті балғын шақ» тақырыбында өткен  мектеп оқушылар арасында ән-би байқауына қатысып,  ән байқауынан 2 «в» сынып оқушысы Ерқанат Асима  1 орын,  би байқауынан «Кербез « би ансамблі Бас жүлдені иеленді. Білім бөлімінің басшысы А.Ушкемпированың  мақтау қағазымен марапатталды.
         2022 жылдың 12 желтоқсан күні 2-4 сыныптарды Жас Қыран ұйымына,13 желтоқсан күні  5 сынып оқушыларын  Бірыңғай  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына  ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты кеші  16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай  өтті. Ережеге сәйкес ұйымға мектеп белсенділері, оқу үлгерімі үздік, сан түрлі сайыстардың жеңімпаздары қабылданды. «Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуметін жүзеге асыру. Ұйымға қабылданған оқушыларға галстук байлау рәсімі аяулы ұстаздар мен өзін-өзі басқару ұйым мүшелеріне берілді. 
2022 жылдың 14 желтоқсан күні алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Қалиевтың және өзін-өзі басқару ұйымының спорт  министрі А.Укеновтің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік   күніне арналған әскери-патриоттық спорттық іс-шара өткізілді. Бұл жарысқа 10а,10ә,10 б сыныптар қатысты. 
Мақсаты-оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу, әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру, оқушылар арасында достықты нығайту.
2022 жылдың 19 қараша күні 1-10 сыныптар арасында  «Дәстүр мен ғұрып» жоба аясында   «Шеберлер ауылы»  оқушылардың қолынан шыққан ұлттық бұйымдар көрмесі өткізілді. 
     Жаңа жыл  мерекесіне орай  27-29 желтоқсан  аралығында  «Жасыл шырша маңында!» аттыжаңа жылдық шырша мерекесі мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа жылдық қойылымымен (Малефисента, Алдар көсе, періште, қоян, барыс, мыстан, қыс аруы, аққала, –жүргізушілер) өте жоғары дәрежеде өтті.
Мектеп алды даярлық тобы және 1-3 сыныптарға 27 желтоқсанда, 4-7  сыныптар 28 желтоқсанда, 8-11  сыныптар үшін балмаскарад 29-ші желтоқсанда  сағ 14.00-ден  17.00 аралығында өткізілді.
Педагог-ұйымдастырушы                         Г.О. Думбирова