Мектептің жаны – мұғалім » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2024

Мектептің жаны – мұғалім

Мектептің жаны – мұғалім

        Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстанның келешегі қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді екенін үнемі айтып келеді. Осы орайда, Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қан­дай болса, мектеп сондай болмақ» деген сөздері еске түседі. Осы бір аталы ұғым ұстаздар қауымы үшін басты ұстаным болуы шарт. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» десек, ел ертеңін біліммен қаруландыратын, тәрбие беретін киелі шаңырақ әркез адамзаттың барлық асыл қасиеттерін өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптастырып келе жатқаны даусыз.
         Бүгінгі мектеп оқушылары – ел тізгінін ұстар ертеңіміз. Білімнің өркендеуі – қоғамның алға жылжуы, өркениетіміздің өнегелі өлшемі. Ал, білімнің қайнар көзі – мектеп. Алматы облысы Талғар ауданы Бірлік ауылындағы Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы 2005 жылы пайдалануға берілген қазіргі таңда мұнда 1207 оқушы білім алады. Оларға 1- педагог шебер, 43 педагог-зерттеуші, 28-сарапшы, 14- модератор, 1-екінші санатты, 17- педагог мұғалім сабақ береді. Материалдық-техникалық базаға тоқталатын болсақ, 2 спорт залы, дәрігерлік кабинет, жантанушыға арналған арнайы бөлме,. 4 жаңа модификациялық химия, физика, биология кабинет, 1 информатика кабинеті, 21482 кітап қоры бар кітапхана, оқу залы, әдістемелік кабинет, 250 орынды акт залы, 80 орынды жайлы асхана, Интернет оптикалық 100 мб/сек жылдамдықпен қолжетімді, арнайы электронды оқу жүйесі 2012 жылы ҰБДҚ және E-LERNING-ке 2017 жылы KUNDELIK.KZ жүйесіне қосылған. Мектепте 339 компьютерлерлік техника және турникет жүйесі дабыл түмесі, 48 бейне бақылау жүйесі бар жедел басқару орталығына қосылған. Барлық заманауи талаптар бойынша жабдықталған оқу кабинеті мектеп оқушылары үшін өздерінің цифрлық құзыреттіліктерін байытатын орынға айналды.
Сонымен қатар, кіріктірілген компьютері бар интерактивті панель жаратылыстану ғылымдарын виртуалды форматта білуге мүмкіндік береді. Барлық оқыту мазмұны үш өлшемді өлшемде ұсынылған. Материалды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқуға болады, бұл көптілді оқыту саясатын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді. Цифрлық жабдық пен арнайы жиһаздан басқа, жаңа модификациялық зертханалық жұмыстар мен практикумдарды өткізуге арналған демонстрациялық материалдар мен материалдардың барлық спектрін қамтиды. Ұстаздарымыз қазіргі заманғы қажет білімдерді оқушылардың өз бетінше меңгеруіне жүйелі атсалысып келеді. Әр шәкіртті белсенді танымдық үрдіске тарту арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, интеллектуалдық, денелік күштерін дамытуға, өз ойларын айтуға үйретуден жалыққан емес. Елімізде болып жатқан үдерістер білім беру жүйесіне тың көзбен қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, мектебіміздің күн тәртібінде тұрған басты мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей отырып, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.