Мектеп бітіруші түлектер » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
июнь
2024

Мектеп бітіруші түлектер

«Алматы облысы білім басқармасының 

Талғар ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің

Бірлік ауылы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2023-2024 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер 

 іс-шарасының өткізілуі 

АНЫҚТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің концепциясы, Талғар аудандық білім бөлімінің 11.06.2024 жылғы №540  хаты негізінде мектеп-гимназия директорының мектепішілік бұйрығы шығарылып, барлық ұжым мен ата-аналарға, оқушыларға таныстырылды. 

Биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін аттестат табыстау іс-шарасы «Жолың болсын, Жас түлек!» тақырыбында жастардың жоғары әлеуметтік белсенділігін дамытуға жәрдемдесу, патриотизмге тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді. 

12 маусым күні сағат 9.00-де негізгі мектепті бітіріп отырған 99 оқушыға негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік табысталды. Іс-шара өз деңгейінде аяқталып, оқушылар үйлеріне қайтарылды. Кешкі мезгілде мұғалімдер арасынан рейд жұмыстары жүргізіліп, барлық оқушылар үйлерінде екенін сынып жетекшілерге мәлімет беріп отырды.

14 мамыр күні  сағат 9.00-де «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру  іс-шарасы  өткізілді.   Іс-шараға 60 бітіруші түлек пен ұстаздар, ата-аналар қатысты. Мектеп-гимназия директоры Б.М.Малдыбеков барлық түлектерге ақ жол тілей отырып, аттестаттарын табыстады.  Іс-шара барлық талаптарға сай аяқталып, оқушылар мен ата-аналар үйлеріне қайтарылды. Ата-аналар жиналысы өткізіліп, жиналыста жас түлектердің қауіпсіздік шараларын сақтау және бақылау, тауға серуендемеу, суға шомылмау, рұқсатсыз көлік жүргізбеу т.б. қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық –түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама толтырылды. 

Мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына кешкі мезгілде рейд жұмыстары жүргізілетінін, үйде отыру керектігі туралы қатаң ескертілді. 


Түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.