«Мамыр-ынтымақ айы» » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2024

«Мамыр-ынтымақ айы»

Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназия»КММ

«Мамыр-ынтымақ айы» бойынша анықтама

2023-2024 оқу жылы


Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясында  жоспарға сәйкес  "Мамыр - Ынтымақ айы" идеясы шеңберінде 30 сәуір - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Бірлік, Жасампаздық” тақырыбында 1-4 сынып оқушылары диктант жазды. 5-9 сыныптар эссе жазды. Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу, оқу сауаттылығын арттыру. Жалпы қамтылған  оқушы саны-400. Үздік эссе жазған оқушылар мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды. 

3 мамыр күні Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында сағат 11:00-де мектеп ауласына, стадион жанына «Түлектердің ағаш егу» челленджі ұйымдастырылды. Челленджге мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер және 9,11 бітіруші сыныптар 160 оқушы қатысты. «Туя», «арша», «ақтерек», «үйеңкі» сияқты 50 ағаш түрлері отырғызылды. Челлендж мектептің әлеуметтік тикток және инстаграмм желілеріне жүктелді.

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні».

4 мамыр «Менің Бақытым – менің Қазақстаным!» тақырыбындағы іс-шарада отан қорғаушы айбынды азаматтарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігін насихаттау мақсатында 1-4 сыныптар арасында «Біздің даңқты бабаларымыз», 5-7 сыныптар арасында «Ұлттық патриотизм», 8-9 сыныптар арасында «Бақытым - Отаным», 10-11 сыныптар арасында «Жаса, Қазақстан!»  тақырыптарда   тәрбие сағаттары шеңберінде шығармашылық оқу кештері ұйымдастырылып өткізілді.

«9 мамыр – Жеңіс Күні!».

6 мамыр «Ерлігім – елім үшін!» тақырыбындағы мерекені атап өту мақсатында тәрбие сағаттарында ардагерлердің өмірі мен ерлігі туралы қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, Отанын қорғаған батырлар туралы көркем әдебиеттер, ерлік туралы мақалалар баяндалды. Б.Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 

10 мамыр, «Игі істер» акциясы.

10 мамыр күні тұрмыс жағдайлары төмен отбасынан шыққан 8 сынып оқушысы  Мырзахан Жаннұрға  мектеп ұстаздары көмек беріп, күзде киетін  аяқ киім, жейде, костюм шалбар алып берді. 

9 сынып бітіруші ата-анасынан айырылған Серікқазы Аймекенге 20 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді.  Ауылымыздың кәсіпкері Арман ағай   көп балалы отбасынан шыққан 5 сынып оқушылары Бейсенбай Ерхан, Дүйсенқали Дамир, Алиасқарұлы Арсен,  4  сынып оқушылары жартылай жетім Айтахун Рауаносы оқушыларға келер жылы киетін мектеп формасы мен аяқ киімдерін алып берді. 

17 мамыр «Каникулда кітап оқиық» буккроссингі.

"Каникулда кітап оқиық».  Мектебімізде «Coweking» кітап оқырмандар жобасы іске асырылып отыр. МАҚСАТЫ: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. 1-11 сынып оқушылары кітапханада өздерінің оқыған кітаптары мен әдеби шығармаларының қысқаша қызықты қылып мазмұнын айтып беріп жарысты. Өз ойларымен оқыған кітаптары туралы, автор туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, балалар оқыған әдеби кітаптарын бір-біріне сыйға тартты. Қамтылған оқушы саны 250 оқушы.

24 мамыр «Білімім – Отаныма» жалпыреспубликалық 1-10 сыныптар арасында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағаттары әнұранмен басталды. Оқушылардың жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен спорттық жетістіктері сынып сағаттарында  марапатталды. Іс-шараға ата-аналар қатысты.  Әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстары айтылып, марапатталды.

       Сонымен қатар 9, 11 сыныптың түлектері үшін «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында  мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларымен эссе жазу арқылы бөлісті. Мектептің frn залында шағын мараттау салтанаты өткізілді.



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                       Б.Уркинбай