2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай 24-25 мамыр күні өткізілген іс-шараларының » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай 24-25 мамыр күні өткізілген іс-шараларының
27
май
2024

2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай 24-25 мамыр күні өткізілген іс-шараларының

«Алматы облысы білім басқармасының 

Талғар ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің

Бірлік ауылы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай 24-25  мамыр 

күні өткізілген іс-шараларының 

АНЫҚТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің концепциясы, Талғар аудандық білім бөлімінің 20.05.2024 жылғы №446 және №447 бұйрығы негізінде мектеп-гимназия директорының мектепішілік бұйрығы шығарылып, барлық ұжым мен ата-аналарға, оқушыларға таныстырылды. 

2023-2024 оқу-жылының қорытындысында өткізілген тәрбие сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болып табылып,  барлық 1-11 сынып оқушыларында «Білімім, Отаныма» тақырыбында бірыңғай Республикалық тәрбие сағаты өткізілді. 1-кезек оқушыларына сағат 9.00-де , 2-кезек оқушыларына сағат 11.00-де Әнұранмен басталды.Мектеп оқушылары ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдап, әр сыныпта балалардың жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша бір минуттық бейнеролик жетістіктері туралы видеоролик қойылды.

Ал, 9, 11 сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында  мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын жеткізіп эссе жазды.

25 мамыр күні 2023-2024 оқу-жылының қорытындысында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы  сағат 9:30 да басталды.  Іс-шараға 60 бітіруші түлек пен ата-аналар қатысты. Мектеп бітірушілер іс-шарасына құрметті қонақ ретінде Талғар аудандық білім бөлімінің бас маманы Бидасова Айнур Айдарбекқызы қатысып, мектеп бітіруші түлектерімізге ыстық ықыласын жеткізді. 


Соңғы қоңырау іс-шарасы өз уақытында аяқталып, барлық түлектер  ата-аналарымен үйге қайтарылды.

Түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.