9 мамыр Жеңіс күні » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2024

9 мамыр Жеңіс күні

Алматы облысы   білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім 

бөлімі «Б.Момышұлы  атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы » коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Анықтама 

    7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні мерекелеріне орай «Б.Момышұлы атындағы № 35 мектеп-гимназиясы» КММ-де іс-шара жоспары жасалып, бірқатар жұмыстар атқарылды. 

     Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 78 жыл толды. Бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. 

    Осыған орай, 5-11 сыныптар арасында «Ерлік- ұрпаққа мұра», «Біз Отан қорғаушылармыз», «Еркін елдің ұланымыз» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.

   «Ұлы жеңіс-ұрпаққа үлгі» тақырыбында 9 «Ә» және 7 «В» сыныптар мерекелік кешті ұйымдастырды, мектеп директоры Б.М.Малдыбеков  құттықтап сөз сөйледі. Кеште ҚР әнұраны орындалып, соғыста қаза болған Кеңес Одағының батырлары, сондай-ақ, Жармалық ардагерлеріміздің аттары аталып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Мерекелік кеш соңы патриоттық әндермен жалғасын тапты. Мектепішілік іс-шаралар барысында 5-6 сынып оқушыларымен даңқ залына экскурсиялар ұйымдастырылып, соғыс ардагерлерінің ерен еңбектері айтылып, залға қойылған соғыс жәдігерлері оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Мектеп алдындағы обелиск маңы абаттандырылып, тазарту жұмыстары жүргізілді.