Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
14
декабрь
2023

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

 2023 жылдың 14 желтоқсан күні  Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары мен 4 сынып оқушылары 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Шараға мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қатысты. «Жас Ұлан»  ұйым мүшелері   «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты мен ережелерімен таныстырып, қанатты сөздермен оқушыларды жігерлендірсе, мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының «Тек алға» әні барша жиынға қатысушыларды рухтандырды. 
  Әр сынып  өз топтарының аты мен ұранын айтып, әнін шырқады. Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.
 Ант қабылдау рәсімінен кейін оқушыларға көгілдір галстук пен арнайы төсбелгілері тағылып, салтанатты түрде ұйым мүшесі атанды. Оқушыларға мектеп-гимназия директоры Б.М.Малдыбеков сөз сөйлеп,   оқушыларға жүрекжарды лебіздерін білдірді. 
Бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өткен оқушылар да осы елбасымыз меңзеген дара жолдан ауытқымай еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.
   «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымының жоспарлары жасалынып, осы жоспар бойынша жұмыстар атқарылатын болады.