Мектеп президентін ұлықтау » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектеп президентін ұлықтау
02
октябрь
2023

Мектеп президентін ұлықтау

2023 жылдың 2 қазан күні мектепте өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі болды. Ұлықтау рәсіміне мектеп-гимназия директоры Малдыбеков Бақытжан Мұқаметқалиұлы, директордың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты. 
Ұлықтау рәсімінде мектеп президенті 10 "Б" сынып оқушысы Бақтыбаева Асима сайлауда жоғарығы дауыс жинап, мектеп президенті болып сайланды. Бақтыбаева Асима салтанатты түрде ант қабылдап, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғары сеніміне алғысын білдірді. Мектеп директоры өзін-өзі басқару ұйымының жұмысымен қысқаша таныстыра отырып, жаңадан сайланған министрлерді құттықтап, жаңа табыстар тіледі. Мектеп президентіне куәлікті табыстау салтанаты мектеп директорына  берілді, ал министрлерге оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Елібаева мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Уркинбай табыс етті. Саптық жиынға қатысушы барлық оқушылар мен ұстаздар қауымы мектептің жаңа президенті мен министрлерін құрмет қарсы алып, өз ықыластарын білдірді. Ұлықтаудан кейін Өзін-өзі басқару ұйымы "Тек алға" әнін орындап, қонақтарға көңілді күй сыйлады.