«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН ОҚУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН ОҚУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
13
декабрь
2022

«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН ОҚУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


- дей келе,  мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің 111 оқушысы, әр түрлі олимпиадалар мен жарыстардың, байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Галстуктерді мектебіміздің директоры, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары   мектеп президенті, мектебіміздегі Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен жас ұлан мүшелері және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі тақты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.


          Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осы жас өрендерді бәсекеге қабілетті, өзіміздің құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтайтын етіп тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Ішкі руханият арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге болашақ ұрпаққа дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт-бағдар берді.
 Бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас қыран» қатарына өткен оқушылар да осы елбасымыз меңзеген дара жолдан ауытқымай еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.      


Педагог-ұйымдастырушы
Думбирова Г.О.