Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы бойынша “НАУРЫЗНАМА” ОНКҮНДІГІНЕ атқарылған жұмыстың анықтамасы 2023-2024 оқу жылы » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы бойынша “НАУРЫЗНАМА” ОНКҮНДІГІНЕ атқарылған жұмыстың анықтамасы 2023-2024 оқу жылы
22
март
2024

Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы бойынша “НАУРЫЗНАМА” ОНКҮНДІГІНЕ атқарылған жұмыстың анықтамасы 2023-2024 оқу жылы


         Елімізде биыл Наурыз мейрамын тойлатудың жана тұжырымдамасы бекітілді. Биылдан бастап Ұлыстың ұлы күні қарсаңында онкүндік бастау алып,  14-23 наурыз күндері аралығында әр күнге атау беріліп, соған орай түрлі іс-шаралар өткізілді.  

Наурыз  – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын , бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Ол енді жаңа сипатта, бағдарламасы байытылған түрде тойлана бастайды. 

Мақсаты – осы уақытқа дейін қалыптасқан көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу. Мұның бәрі қазақы дүниетаныммен, ұлттық сана-сезіммен және елдің игі өзгерістерге деген ұмтылыс.  14-23 наурыз аралығындағы онкүндікке  «Наурызнама» деген атау беріле отырып, жан- жақты іс-шаралар ұйымдастырылды. 

«Наурызнаманың» бірыңғай логотипі бекітіліп, барлық оқушылар мен ұстаздар наурыз стилінде безендіріп қана қоймай, этно киім үлгісін дәріптеді.  

Алғашқы күн, яғни 14 наурыз – Көрісу күні,              

Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн екен. Көрісу күнін мектеп оқушыларымыз, мектеп ұжымы да бір-бірімен құшақ жая жылы лебіздерін білдіріп отырды. 


15 наурыз –Кайырымдылық күні 

Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді. 

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін "Қайырымдылық" күніне орай, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында "QH Жаздық жолдама-2024"  қайырымдылық жобасы бойынша №35 мектепке  10 жолдама табыс етілді. Сонымен қатар ауылымыздың тұрғыны Мақсат қайырымдылық  күніне орай, 30 оқушыға мектеп формасын табыстады, сонымен қатар аудандық прокуратура мамандары 5 отбасыға азық-түлік табыстады.  Ол қайырымдылықты, мейірімділікті және тату көршілікті насихаттауға бағытталған

Ал, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. 

Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады. 

Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі - салт-дәстүрі. Ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар насихатталады.



18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ата-бабамыздың ұлттың бойындағы рухани сезімін оятып қана қоймай, оны әлемге паш еткен еді. Қазіргі қоғамдағы ұлт тәрбиелеу осы киім үлгісіне аса мән беріліп отырғаны мәлім. Ұлттық киім күні барлық 1-11 сынып оқушылары қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын тағып, қыздарымыз шашбау , шекелік сияқты бұйымдарын, киімдерін насихаттады. 



 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Бұл күні барлық өңірлерде ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі. 



21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлік насихаттау мақсатында мектебіміздің  7а,8ә  сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мектепішілк іс-шара өтті. 1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар «Жыл басы» әз-Наурызыбен ұштастыра отырып ашық тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар бір-бірлерін құттықтап, ата-аналарына, туған туысқандарына хабарласып жылы лебіздерін білдірді. Оқушыларымыз ұстаздарымен «Қара жорға» биін орындады. 



«Наурызнаманың» соңғы күні – 23 наурыз «Тазару» деп аталып отыр.  Ел тұрғындарына осы күнді жалпыұлттық экологиялық акцияға арнап, қоршаған ортаны тазалауға бір кісідей жұмылу ұсынылды. Оқушыларымыз үйлерінің жан-жақтарын тазалап, мектеп ұжымы тазалау жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар ағаштар отырғызды. Өңірлерде қар аршу, қоқыс жинау іс-шаралар өткізуді. «Тазалық эстафетасы» өзіміз үшін қажет екендігі.



Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде Наурызнама тұжырымдамасы 10 күн тойланып қана қоймай, әрбір күн белгілі бір тақырыптық негізге бекітілген.  Ең бастысы, он күн бойы өтетін салтанат ізгі амалдарға, мәдениет пен әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеуге арналды. Оқушылардың бойында тақырыптық күндерге арналған іс-шараларға түрлі идеяларын ұсынып, салт-дәстүрлерімізді, рухани жан дүниелерін дамытуға арттыратынына сеніммен қараймыз. 

ДТІЖО:                        Казыбаева Ф.Б

                                  Уркинбай Б.Т