1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара
01
март
2024

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара

«Қазақ халқына  мың алғыс» 

      Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  1 наурыз күні мектебімізде 1 наурыз – Алғыс айту  күніне арналған мерекелік іс-шараны 8 «А» және 6 «Г» сыныптары   «Қазақ халқына  Мың алғыс» атты мерекелік іс-шара  ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға  ұстаздарымызды, мектеп ұжымын тілектерін айтып құттықтады. 

Осы аталмыш мерекеге орай, 6 «Г» және 8 «А» сынып  оқушылары ата-аналарына, ұстаздарға  арнап, ақын-жазушылардың алғыс айту  туралы туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен қобызбен күй орындады.

Көктемнің алғашқы мерекесі оқушыларға, ұстаздарға, асхана жұмыскерлеріне  ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.