1 маусым-Балаларды қорғау күні! Мектеп жанындағы жазғы алаңның ашылуы » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым-Балаларды қорғау күні! Мектеп жанындағы жазғы алаңның ашылуы
01
июнь
2023

1 маусым-Балаларды қорғау күні! Мектеп жанындағы жазғы алаңның ашылуы

1 маусым- Балаларды қорғау күні!
Жадыраған жаздың алғашқы күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-Халықаралық мерекелердің бірі. Бұл балалар мерекесінің халықаралық күнінің мәні- ең алдымен балалар өмірін, құқықтарын, пікір бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақытын, балалар еңбегінің эксплуатациясының қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, адамгершілікті және әділ қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде үлкендерге ескерту болып табылады.
       Осындай мәні зор Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  мерекелік іс-шара мектебімізде «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» тақырыбында өтті. Мерекелік іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар қатысты.Мектеп-гимназия директоры Бақытжан Мұхаметқалиұлы бүгінгі мерекемен құттықтап, ақ  тілегін айтты.
        Мереке мектептің өнерлі, дарынды балаларының ұйымдастыруымен керемет концерттік бағдарламаға ұласты. «Нағашы», «Класстас»  әсем әндерімен көпшілікті баурап алған 1 сынып оқушысы Ілияс Нұрқанат, айдын көлдің бетінде қалықтап аққудың бейнесіндей мың  бұрала билеген мектептің «Кербез» би тобының орындауындағы «Тикток», билері көрермен ризашылығын тудырды. Мерекеде мектептің жезтаңдай, күміс көмей әншілері, күмбірлете күй нөсерін төккен күйшілері, мың бұралған бишілері өз өнерлерін паш етті. Бастауыш сыныптар арасында «Әр қашан» күн сөнбесін» атты асфальт бетіне сурет салу байқауын өткізді. Қорытындысында мазмұны мен  шеберлігі, эстетикалық талғамы     жоғары 1 «Г» сыныбының жұмысы бас жүлдеге ие болып   марапатталды. Мерекеге келген қонақтар ыстық  ықылас пен, игі тілектерін білдірді. 

«Балдәурен-2023»