8 наурыз - Халық аралық әйелдер күні. » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз - Халық аралық әйелдер күні.
07
март
2023

8 наурыз - Халық аралық әйелдер күні.

«Ана   махаббаты-сарқылмас күш» 

(8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік кеш)

       7 наурыз күні мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай «Ана  махаббаты-сарқылмас күш» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекелік кешке ардагер ұстаздарымыз, ата-аналарымыз  қонаққа келді. 

Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Осы аталмыш мерекеге орай, 6 «В» және 9 «В» сынып  оқушылары аналар мен аруларға, ардагер ұстаздарға  арнап, ақын-жазушылардың ана туралы туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен қобызбен күй орындады.

Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.

Мерекелік кеш келген әрбір адамның жүре­гіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін артты­рып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық. 

Кеш соңында мектепішілік «Екі жұлдыз» сайысына қатысқан ұстаздарымыз   бен оқушыларымыз  әндерін орындады.