«Жасыл шырша маңында!» атты жаңа жылдық мереке » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасыл шырша маңында!» атты жаңа жылдық мереке
30
декабрь
2022

«Жасыл шырша маңында!» атты жаңа жылдық мереке

Талғар ауданы білім бөлімінің  №1079-н   бұйрығы негізінде, 2022 жылдың 27-29 желтоқсан аралығында мектепішілік  «Жасыл шырша маңында!» атты жаңа жылдық мерекелік кеш өткізілді. 
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Жаңа жылдық шырша мерекесі мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының  жәнеде мектебімізді дарынды оқушыларымыздың жаңа жылдық қойылымымен (Малефисента, періште, Алдар көсе, аю мен Маша, мыстан кемпірлер және қыс аруы, Аяз ата мен Ақша қар,   барыс пен қоян, аққала, сайқымазақ) өте жоғары дәрежеде өтті. 
Жасыл шырша мерекесінің өткізілу кестесі құрылды. Мектепалды даярлық топпен  және 1-3 сыныптар 27 желтоқсанда, 4-7 сыныптар үшін 28 желтоқсанда, ал 8-11 сыныптарда балмаскарад 29-ші желтоқсанда  сағ 14.00-ден  17.00 аралығында өткізілді.
1-11 сынып оқушыларын мектебіміздің директоры Малдыбеков Бақытжан Мұхамедқалиұлы жаңа жыл  мерекесімен құттықтап, тілектерін айтты. 

    Педагог-ұйымдастырушысы 
   Думбирова Г.О.