ХАТТАМА №1 ата ана жиналыс » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2021

ХАТТАМА №1 ата ана жиналыс

ХАТТАМА №1
Тақырыбы: «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?»
Күн тәртібінде:
1. Баяндама: «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру».
2. Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты,шектеу шаралары кезеңіндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстыру
3. Балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектеп жіберген ұсыныстарды түсіндіру (Қандай ресурстарды пайдалану керектігін түсіндіру)
Тыңдалды:

Ата-аналар жиналысы дистанционды түрде «ZOOM» платформасы арқылы өтті. Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ф.Б.Казыбаева «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында түсіндірме жасады. Баяндама барысында ата-аналарға мектебімізде қашықтықтан оқыту қалай жүргізілетіні туралы айтылып, презентация көрсетілді. Баяндамадан түйгендері мен презентациядан көргендерін ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.
Екінші мәселе Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты, шектеу шаралары кезеңіндегі әдістемелік ұсыным бойынша мектеп-гимназия директоры Б.М.Малдыбеков таныстырып өтті.
Б.Малдыбеков – биылғы 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан оқыту процесінде жүргізіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметін(кеңестер) ұйымдастыру қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып,үй жағдайында балаларға материалдар ұсынылады, ата-аналардың жетекшілігімен педагогтердің тапсырмаларын үйренеді және орындайды.
Ата-ананың өтініші бойынша кезекші топтарды ұйымдастыру-тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып,штаттық режимде оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру жөнінде атап өтті.
Өтінішті ата-ана қол жетімді байланыс құралдары арқылы сынып жетекшісіне жібереді, сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне тапсырып,тиісті шаралар жүргізіледі .
Директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Қ.Достайқызы ZOOM және WHATSAPP
платформасын ыңғайлы деп санаймын.Ата-аналар тарапынан туындайтын мәселелерді тыңдап отырып, екі бағытты таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Мүмкіндігі болмай, қиналған оқушылар WATSAPP желісі арқылы тапсырмаларын алады. Және олардың жауаптарын тексеріп. Қайтаа кері байланыс жасап отыру дұрыс жолға қойылады.
Сынып жетекші балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектеп жіберген ұсыныстарды түсіндірді, презентация арқылы таныстырып,қандай ресурстарды қолдануға болатынын айтты. Ата-аналарға біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүзеге асатындығы туралы айтылды. Мектепте оқу “ZOOM платформалары, «BILIMLAND, KUNDELIK.KZ” және ватсап мессенджері арқылы ұйымдастырылды. Әр пән бойынша ватсап топтар ашылды. Оқушыларға сабақ кезінде мұғалімдер тарапынан қысым көрсетілмейді.
«Карантин індетіне байланысты жадынамамен таныстыру, пандемиялық жағдайға байланысты жалған ақпарат таратудан сақ болу» туралы кеңестер берілді, слайдпен көрсетіліп өтті,сынып жетекші ата-аналарға баламен сөйлескенде қандай көңіл күйде тұрса да эмоциясын тежеп, сабырлы болу керектігін айтты
(Оқушының тәртібі, қашықтықтан оқытуда оқушының таза, ұқыпты киінуін қадағалау,сабаққа қатысуы, мектеп ережелерін сақтауы Kundekik.kz») қарастырылды, «Kundekik.kz» мәселесіне ерекше тоқталып, ата-аналарды күнделіктің функцияларымен таныстырып, қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін түсіндірді. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды. Мысалы: кейбір ата-аналарда интернет желісі нашар екендігі, ZOOM платформасымен жұмыс істеу қиынға соққандығы айтылды.





Хатшы Ш.Нұқақызы