ХАТТАМА №4 » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2021

ХАТТАМА №4

ХАТТАМА №4

Күн тәртібінде :


1. 2021 жылдың 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1ден 5 сыныпқа дейін аралас оқыту

2. Оқытудың аралас оқу кезіндегі санитарлық талаптарды сақтау.
3. Қашықтықтан оқытатын сыныптарға тапсырмалардың нұсқаулығы


Тыңдалды:
Оқу үрдісі 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының (балалардың заңды өкілдерінің) өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар аралас оқу сыныптар ұйымдастырылып отыр. Оқушыларды аралас оқу сыныптарына қабылдау ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініштері бойынша жүргізіледі.
Аралас оқу сыныптарының толымдылығы - 15 баладан артық емес;
Сабақтың ұзақтығы - 40 минут;
Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта беріледі;
Оқу үстелдері 1 метр қашықтықта орналастырылған.
Білім алушыларға жеке парта мен орындық бекітіледі, білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.) пайдаланады.
Аралас оқытуды ұйымдастыру (1-5 сынып)
Білім алушылар мен педагогтер, басқа қызметкерлер мектеп ішінде тікелей байланыс жасамайды;
Білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күн сайын өлшенеді, медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштар жұмыс істейді;
Дене қызыуы нормадан жоғары балалар үйге қайтарылады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, бүкіл сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады.
Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да ылғалды тазарту жүргізіледі;
Мектеп асханасы мен буфеттің қызметі 1 ақпаннан бастап жұмыс жасайды.
Зарарсыздандыруға арналған құралдардың жеткілікті. Аяқ киімге арналған кілемшелер, санитайзерлер қамтамасыз етілген.
Ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезелерді зарарсыздандыруды тұрақты жүргізіледі.
Сабақты дайындау кезінде мұғалім оқушыларға өздігінен оқуға арналған оқу материалдарын береді;
Кез-келген уақытта Интернет-платформада орналастырылған немесе цифрлық ресурстарға, видео сабақтарға немесе электронды оқулықтарды көруге мүмкіндік береді;
2020-2021 оқу жылына мектеп формасы Санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал ескеріліп, шектеу іс-шаралары кезеңінде оқушылар сабақтарға ыңғайлы киімде қатыса алады.




Қаулы:

1.Мектепте оқитын аралас сыныптар үшін санитарлық талаптар қатаң сақталсын.
2. Қашықтықтан оқытылатын сыныптардың оқыту жүйесі бақылауда болсын



Хатшы : Ш.Нұқақызы