ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
25
март
2021

ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы

ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАРЖИНАЛЫСЫ

Хаттама №2

Күні:17.09.2020ж
Уақыты:14.00 – 1 – 4 сынып ата-аналары
16.00- 5 -11 сынып ата-аналары Өткізілу түрі: онлайн ZOOMформаты

КҮН ТӘРТІБІ:

1.“Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?

Тыңдалды:
1.Гимназия директоры Б.М.Малдыбеков ата-аналарға 2020-2021 оқу жылындағы қашықтан оқыту жағдайында оқушылар мен ата-аналарға мектептің қолдауы, ұстаздардың оқушыларымен тығыз байланыс жасауы мақсатында . “Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады? Атты тақырыпта жалпыреспубилкалықата-аналар жиналысының күн тәртібімен таныстырды. биылғы жылы індетке қарсы қауіпсіздіктің алдын алу, балалардың денсаулығын сақтау мақсатында қашықтан оқыту жалғасып отыр. Егер ата-ана тарапынан қажеттілікке байланысты баланы мектептен оқыту туралы ұсынысы болса ата-ана өтінішімен 1-4 сыныптарда кезекші сыныптардың жұмыс жасап жатқанын айтып өтті. Республика бойынша қашықтан оқыту кезінде кедергілерді шешу мен мүмкіндіктердің қарастырылуы мектеп пен ата- ананың бірлескен ынтымағы баланың оқуына қолдау көрсетуді , білім сапасының, бағалаудың жүргізілуіне екі жақты көмектің маңызды екені белгілі. Үй жағдайында балаға қашықтан оқытуға ата-ана жағдай жасау мүмкіндігі болса, мектеп тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына компьютер,ноутбук жағынан көмек беру мәселесі шешіліп, таратылды. Қазіргі уақытта оқыту платформаларының бірнеше түрі дамыған, әрине соның ішінде оқушы, ата-ана, мұғалім үшін тиімді ZOOM, WatsApp оқыту платформасын қолданып отырмыз. Мектептің барлық оқушыларына логин, пароль құрылып, қазіргі уақытта сабақтар осы платформамен тиімді жүргізіліп отыр. Кез келген уақытта оқушыларға мұғалімдер көмекке келе алады. Мектептің әкімшілігі 1-11 сыныптардың ата-аналарымен ватсап желісінде туындаған сұрақтар бойынша жауап беру арқылы мәселелерді шешуге көмек көрсетіп отырады. Егер оқушы денсаулығына байланысты, белгілі себептерге байланысты сабаққа қатыса алмай жатса ата-ана дер кезінде сынып жетекшіге хабарласуы тиіс.
Жиналыс барысында ата-аналдардан қойылған сұрақтар: А.Еңсебаева кәзіргі кезде барлық жүйеде қашықтықтан жүргізіліп жатқандықтан сабақ үстінде интернет жүйесі жылдамдығы төмендеп жатады, сабақтың жүргізілу барысында кедергілер кездеседі. Б.Қашағанова мұғалімдер сабақты өткізу кезінде балалармен жақсы жұмыс жасайды, балаларға жеткізуге тырысып, оларға тапсырмаларды жеңілдетіп, кері байланысты жүргізіп отырады. Бірнеше сауалдарға мектеп-гимназия директоры Б.М.Малдыбеков толық түсіндіріп жауаптар беріп, интернет жүйесінде кейде кедергілер туындаап жатқан жағдайда пән мұғалімдері сабақтың тақырыптары мен тапсырмаларды ONLINE MEKTEP, сыныптың ZOOM командасына жүктеп қояды, оны оқушы кез келген уақытта ашып, оқып, таныса алатынын түсіндіріп өтті. Жиналыс соңында берілген ақпараттардың маңыздылығы жайында ата-атаналар ризашылықтарын білдірді. Мектептің қамқоршылық кеңесі мүшелері Р.Қабылбекова кез келген сұрақтарға жауап беруге, қолдау көрсетуге мүмкіндіктердің барына тоқталды.

Қорытынды:
Қашықтан оқыту кезінде балаға көмектесуге ата-ана үй жағдайында оқу- тәрбие үдерісінде мектеп мұғалімдері, әлеуметтік жағдайына қарай отбасыларына мектеп әкімшілігі үнемі тығыз жұмыс жасау, қолдау көрсету жыл бойына жалғасады.





Хатшы Б.Т.Уркинбай