IQANAT ОЛИМПИАДАСЫ » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2022

IQANAT ОЛИМПИАДАСЫ

«IQanat» Республикалық пәндік олимпиадасы – қазақстандық кәсіпкерлердің жобасы.  Оның аудандық кезеңіне Талғар ауданының 43 мектебінен 344 оқушы тіркеліп, 8 сыныптың  283 оқушысы қатысты. Олимпиаданың ашылуы салтанатты түрде өтті. Өз мектебімізге өткендіктен қолымыздан келгенше барымызды салып біз де дайындалдық. Ұйымдастырушылар оқушыларға таңғы ас та ұйымдастырып берді. 
 Олимпиада барысында балалар  математика сауаттылығы мен оқу сауаттылығының  тапсырмаларын орындады. Олимпиада жоғарғы деңгейде өтті. Мұндай маңызды жобалар өте қажет. Осындай игі жобалардың нәтижесінде, әсіресе ауыл балаларын айрықша қолдау арқылы ауыл мектептерінің білім деңгейі нашар деген орынсыз пікірлерге нүкте де қойылды. Шындығында қазақ зиялылыларының көбі қарапайым ауыл балалары болғанын ұмытпауымыз керек. Ондай ірі тұлғаға айналар білімді, білікті, дарынды оқушылар осы ауыл балаларының арасынанда қазір де мыңдап саналады. Мектебімізде де болашағынан үлкен үміт күттірер оқушыларымыз жетерлік. Сондықтан мұндай олимпиадаларды тек қолдаймыз. Білімін ұштағысы келетін оқушыларды алға жетелеп, үкілеген үміттерін жағұға ұстаздар қауымы да ерекше мән береді