Мектеп парламент арасында өткен дөңгелек үстел » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп парламент арасында өткен дөңгелек үстел
20
январь
2023

Мектеп парламент арасында өткен дөңгелек үстел

«Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі» тақырыбында мектеп парламент арасында өткен пікір-талас

            Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіне отырып, ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт - дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Осыған орай мектеп парламенті  арасында «Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі» тақырыбында  ашық пікір-талас өткізілді. Оқушылар  өз ойларын ортаға салып, әсерлі  әрі нақты түрде дәлелдеп жеткізуге тырысты.
              Осы тұста қозғалған мәселелер болды, атап айтсақ. Ұлттық құндылықта білім мен тәрбие берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. 
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.
 Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт - дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз
-деп мектеп парламент мүшесі дебат қозғалысының басшысы Алиясқар Аяжан сөз басын бастап берді. Осы тұста өз пікірін мектеп президенті сөз жалғастырды
 Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. 
Қазірде солай. Арғы ата - бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт - дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді-деді мектеп президенті Бақытнұр Мәди. 
 
           Мектеп парламентінің мүшесі, мәдениет министрі Мусабаева Ұлназ сөз алды. 

Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата - ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі-деп өз ойын білдірді. 

Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы қаламгер М.Әуезов айтқандай, қай ғасырда болмасын ата-ананың міндеті – саналы, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Ал білімді де білікті ұрпақ – ел болашағының жарқын болуына септігін тигізбек. Осы орайда патриоттық тәрбиенің орны бөлек. Елдегі мемлекеттің білім беру құжаттарының қай-қайсысын алып қарасақ та, патриоттық тәрбиеге басымдық берілгенін аңғарамыз. Патриотизм – әр азаматтың ұлтын, Отанын сүю, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Тарихқа зер салсақ, ұлттық рух, ұлттық сана деген ұғымдар әріден бері қолданыста. Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша туған жерін жау қолынан арашалап, кең байтақ жерді ұрпағына мирас етті. Ұлтын сүйген ардақтылар елінің көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін оқуға шақырып, бозторғайдай шырылдады. Мұның барлығы да елге деген жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің айқын көрінісі деп білеміз. 

        Қорытылай келе келер ұрпақ саналы да, салиқалы, тәрбиелі, білімді болып өсуі үшін ата-ананың, мектептегі ұстаздардың және өсіп келе жатқан жас ұрпақтын қолында-деген тұжырымға келдік.