Мектепішілік дебат өткізілді. » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік дебат өткізілді.
15
сентябрь
2022

Мектепішілік дебат өткізілді.

«Оқушыларды интернет желісінен шектеу қажет пе?»

 тақырыбында 9-10 сыныптар арасында өткен дебат

  «Оқушыларды интернет желісінен шектеу қажет пе?» тақырыбында  дебат интеллектуалдық пікір-сайысы өткізілді. Бұл пікір-сайыста 9-10 сынып оқушыларынан құралған «Үкімет» пен «Оппозиция» топ оқушылары интернет желісі оның пайдасы мен зияны   туралы өз ойларын ортаға салып, әсерлі   әрі нақты түрде дәлелдеп жеткізуге тырысты. 

     Ақпараттық технологияны  қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Интернет алғаш 1968 жылы ARPANET деген атпен АҚШ-тың әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген желісінен құрылған. 80-жылдың аяғында INTERNET глобалды жүйеге айналды. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен интернет төңірегінде болмақ. «Оқушыларды интернет желісінен шектеу қажет пе?»деген тақырыпта жақтаушы және даттаушы топтар пікір-таласып өз ойларын ортаға салды. 

     «Үкімет» тобының спикері Мұсабаева Ұлназ:

       Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Оқушыларды  интернет желісінен шектеу қажет емес интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет». Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі . Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім» деп  өз сөзін аяқтады.

«Оппозиция» тобының спикері Қыдыралиев Даурен: 
           Сәлем бердік  қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
       Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін  оқушы компьютер алдында өткізуі денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп, түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.

Тыңдағандарыңызға рахмет.» деп өз сөзін аяқтады. 

«Үкімет» тобының спикері Санатұлы Ринат: 

Сәлем бердік   қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

1. Алысты жақындату

2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

3. Сана-сезімді жоғарылату.

4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.

5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.

6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

9.  Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;

10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

Міне, оқушыларды интернет желісінен  шектеудің қажеті де жоқ деп ойлаймын, - деп сөзін ашық түрде дәлелдермен жеткізуге тырысты. 

Дебат жүргізіп отырған Алиасқар Аяжан екі топтың спикерлеріне өз сұрақтарын да қойып отырды. 

«Үкімет» тобының спикері Мұсабаева Ұлназ өз сөзін мынадай сөздермен аяқтады: «Асыл тастан, өнер жастан»-демекші, оқушыларға интернетпен жұмыс жасауға, қажет тақырыптарын алуға жағдай жасалып отыр сол себепті интернет желісін шектеудің қажеті жоқ !Қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор, тек оны өз орнымен керек жағдайларда пайдалану керек.   «…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… 

      Сөз соңында екі топты назарға алып бағалап отырған әділ-қазы алқалары Батырханова Дина, Айдарова Сания, Меліс Тоғжан, Ташкенбаев Оңғар   қорытынды жасап «Үкімет» тобының жеңіске жеткенін хабарлады. Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап, алдағы уақытта осындай дебат сайыстары аудан, облыс көлемінде жүзеге асуын және алар белестері көп болуын тіледі.