«Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы
18
ноябрь
2022

«Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы

     2-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының Облыстық кезеңнің ІІ дәрежелі диплом иегері 7 сынып оқушысы Абдраим Али, жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші Сейтімбетов Асет Елшібайұлы  


      2022 жылдың 19 қарашасында Алматы қаласындағы облыстық Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицейінің базасында "Зерде" ізденіс жұмыстарының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 12 секция бойынша 268 бала қатысып, 241 жоба қорғалды. Конкурсқа Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Сүлеймен Демирел Университеті, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университеті, С.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық Университеті, "Тұран" университеті мен Туризм және спорт академиясынан 36 ғылыми қызметкер төрелік етті. Конкурстың өту барысы 12 кабинеттен Ютуб желісі арқылы тікелей эфирде көрсетіліп отырылды. Оқушылар үшін 2 кабинеттен дайындалды, 1 кабинет - жобаны қорғау, 2- кезекті тосу кабинеті болды. Конкурс ережесі бойынша қазылар алқасының хаттамасы негізінде 45% пайыз оқушы марапатталды. Шалғай жатқан 4 ауданның балалары жатын орын, тамақпен және жарыс өтетін күні барлық қатысушылар түскі аспен қамтамасыз етілді. Оқушылардың қауіпсіздік шаралары толық сақталды.