Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік,нашақорлықтың алдын алу » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік,нашақорлықтың алдын алу
28
сентябрь
2023

Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік,нашақорлықтың алдын алу

Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы  құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік,нашақорлықтың алдын алу

2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында  арнайы, кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары өткізілді.  Барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. Жоғарғы сынып оқушылары  арасында  «Бала зорлық-зомбылығына  немқұрайлықпен  қарауға жол жоқ» постер қорғап, 9-сынып оқушыларының постері ерекшеленді. Педагогикалық ұжым арасында «Қоғамда, отбасында және мектепте жыныстық тиіспеушілік, нашақорлықтың алдын алу» жөнінде мектеп медбикесі  М.Тумабаева, «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында   Талғар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция капитаны С.Н.Таубалдиева  бейнесюжеттер көрсетілді. Мектеп психологы Б.Н.Байдильдаева оқушылар жиналысында «Қатаңдық пен зорлықсыз  балалық шақ»    тренинг өткізіп, «Нашақорлықтың алдын алу» бағытында оқушылардан, сынып жетекшілерден, ұстаздардан, ата-аналардан    сауалнама алып, сараптама жасалды. Жалпы   оқушылар жиналысында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы жиі    жасөспірімдер инспекторларымен    кездесу  өткізіп отырады.                      «Бала  құқығын  қорғау заңы» және «Баланы ренжітпеу, кемсітпеу» тақырыптарында барлық сыныптарды тәрбие сағаты өткізілді. Мектепте арнайы тәртіп сақтау құрамы  бекітіліп, «Түнгі рейд» жүргізеді. Рейд барысында   әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балаларды анықтау  мақсатында  қадағалауды  қажет ететін отбасылардың үйлеріне және де түнгі мезгілде ата-анасыз жүрген оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында, рейд жүргізілді. 

 Жасөспірімідер арасындағы зиянды әдеттер мен нашақорлықтың алдын алу бойынша   іс-шаралар  жүргізілді.  Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамытуда нашақорлықтың алдын алу,  денсаулығын күту  мақсатында мектеп директоры Б.М.Малдыбеков, тәрбие ісінің меңгерушісі Ф.Б.Казыбаева,   мектеп психологы Н.Б.Байдильдаева,   мектеп медбикесі М.Тумабаева, оқушыларға   түсіндірме жұмысын жүргізді. «Зиянды   әдеттерден  аулақ  болайық!» тақырыбына, «Нашақорлықтың алдын алу» мақсатында  ұлдар мен қыздар арасында әңгіме өткізілді.   Құқықбұзушылық пен нашақорлық тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді. Барлық іс-шараларда   санитарлық талаптар сақталды.

Мектебімізде зиянды заттарды пайдаланатын оқушы жоқ.