Сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмау туралы » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмау туралы
10
февраль
2023

Сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмау туралы

 «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 ақпан күні 9-11 сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлықты тудыратын  себептер мен жағдайларды болдырмау» тақырыбында Адал ұрпақ еріктілер клубының жетекшілері құқық пәнінің мұғалімі Абдрасилова Ұлбосын апай мен тарих пәнінің мұғалімі Сулейменова Бекзат апай мен педагог-ұйымдастырушысы Думбирова Гульшат, мектеп психологы Байділдаева Назым апайлардың  қатысуларымен дөңгелек үстел өтті. 

Бұл шараның басты мақсаты  қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністерін ой елегінен өткізген оқушылар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жолдарын түсіндірілді. Дөңгелек үстелге қатысқан барлық оқушылар өте белсене қатысып отырды.