Жасөспірімдер бойындағы мінез –құлықтағы ауытқушылықтар туралы жиналыс.
Б.Момышұлы атындағы № 35 орта мектеп-гимназиясы
Анықтама
2023-2024 оқу жылының желтоқсан айының ІІІ аптасында мектеп оқушыларымен жасөспірімдер бойындағы мінез –құлықтағы ауытқушылықтар туралы жиналыс жүргізілді. Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы оқушыларды— негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мүғалім оқушының мінез-қүлқын, сана ссзімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің (түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сөйлеу, қиял) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы қажет. Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері жасөспірім еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс - әрекетін, мінез - құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез - құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады. Балалармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, ата –анамен, сынып жетекші, мектеп психологтарымен сөйлесіп, өздерінің ойларымен бөлісіп тұруларына болатыны туралы айтылды.