1 сынып оқушыларының бейімделуі » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сынып оқушыларының бейімделуі
06
сентябрь
2022

1 сынып оқушыларының бейімделуі

Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы


2022-2023 оқу жылындағы   1 сынып оқушыларының оқуға бейімделуі туралы анықтама 


Мақсаты: бейімделу  кезеңінде төменгі сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін  ескере отырып 1-ші сыныптағы оқу үрдісін  ұйымдастыру.

Тағайындалған сынып жетекшілер және сыныптар:

1а сынып сынып жетекшісі Сейтимбетова А

1ә сынып сынып жетекшісі Құрманбекова А

1б сынып сынып жетекшісі  Қыдырәлі Р

1в сынып сынып жетекшісі Батырбекова Р

1г сынып сынып жетекшісі Нуржанова Ж

    2022   жылдың қырқүйек, қазан  айының 2-3 аптасында 1-ші сынып оқушыларының зейінін диагностикалау  «Моншақ» және «Йирасек- Керн»  әдістемесін қолдана отырып, баланың үлкендердің айтқанын зейін салып тыңдауы, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды дәл орындай алатындығы, қағаз бетіне сызықтарды айтылған бағытта түсіретіндігі, тапсырманы өз бетімен орындауға, баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау мақсатында жүргізілді.

 1 а  сыныбында қыркүйек айында да 21 оқушымен басталған, қазан айында оқушы саны 24. Диагностикалау бойынша  оқушылардың зейін салып тыңдауы жақсы,айтылған тапсырманы орындап отырды. Моншақ әдістемесі бойынша 6 оқушының зейін салып тыңдауы орташа. Йрасек- Керн әдістемесі бойынша 2 оқушы назарға алып көбірек жұмыс жасау ұсынылды.

1 ә  сыныбында қыркүйек айында да 20 оқушымен басталған, қазан айында оқушы саны 22. Диагностикалау бойынша   оқушылардың зейін салып тыңдауы жақсы,айтылған тапсырманы орындап отырды.Моншақ әдістемесі бойынша 1 оқушның зейін салып тыңдауы нашар. Йрасек- Керн әдістемесі бойынша 2 оқушы назарға алып көбірек жұмыс жасау ұсынылды.

1 б  сыныбында қыркүйек айында да 21 оқушымен басталған, қазан айында оқушы саны 22. Диагностикалау бойынша   оқушылардың зейін салып тыңдауы жақсы,айтылған тапсырманы орындап отырды. Моншақ әдістемесі бойынша 3 оқушның зейін салып тыңдауы орташа. Йрасек- Керн әдістемесі бойынша 1 оқушы назарға алып көбірек жұмыс жасау ұсынылды.

1 в  сыныбында қыркүйек айында   25 оқушымен басталған, қазан айында оқушы саны 25. Диагностикалау бойынша  оқушылардың зейін салып тыңдауы жақсы,айтылған тапсырманы орындап отырды. Моншақ әдістемесі бойынша 1 оқушының зейін салып тыңдауы нашар. Йрасек- Керн әдістемесі бойынша 1 оқушы назарға алып көбірек жұмыс жасау ұсынылды.

1 г сыныбында қыркүйек айында  24 оқушымен басталған, қазан айында оқушы саны 25. Диагностикалау бойынша   оқушылардың зейін салып тыңдауы жақсы,айтылған тапсырманы орындап отырды. Моншақ әдістемесі бойынша 7 оқушның зейін салып тыңдауы орташа. Йрасек- Керн әдістемесі бойын оқушырдың нәтижесі өте жақсы.

   Қазан   айында 1 сыныптарының сабақтарына қатысып, оқушылардың 1-ші сыныпқа бейімделуін бақылау мақсатында бағдарламаны меңгерулерін, қабылдауларын, партада отыруын, тапсырмаларды уақтылы орындай алуларын диагностикалау  жұмыстары жүргізілді.Оқушыларының   мұғалімге, сабаққа бейімделуі жақсы. Мұғалім талабын орындауға тырысады. Сабақтарда балалар қалыптасып келе жатыр  оқушылардың өзін-өзі ұстауы,пәнге деген қызығушылығының  артқаны байқалды.


Ұсыныс

1 Мектеп психологі және сынып жетекшісі 1-ші сынып оқушыларының бейімделуін зерделеуінің екінші кезеңі жоспарын құрып бірге жұмысты жалғастыру.