1-5 сынып оқушыларының бейімделуінің қорытындысы
Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы
2023-2024 оқу жылындағы 1-5 сынып оқушыларының оқу үрдісіне бейімделуінің қорытындысына анықтама
2023-2024 оқу жылының желтоқсан айының 1-2 аптасында 1-5-ші сынып оқушылары бейімделуін қорытындылау мақсатында бағдарламаны меңгерулерін, қабылдауларын, партада отыруын, тапсырмаларды уақтылы орындай алу мақсатында диагностикалау жұмыстары жүргізілді. Оқушыларының мұғалімге, сабаққа бейімделуі жақсы. 5 сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, жаңа сынып жетекшісі тағайындалады, оқу сыныбы өзгеріп, оқу бағдарламасы күрделене түседі. Осының барлығы баланың жан – дүниесіне әртүрлі психологиялық жүк түсіріп, осы 5 –ші сынып оқушыларының бойында ортақ мәселелер пайда болуы мүмкін. 5- ші сынып оқушылары пән иелеріне бейімделген, мұғалім талабын орындауға тырысады. Сабақтарда балалар қалыптасып келе жатыр оқушылардың өзін-өзі ұстауы,пәнге деген қызығушылығының артқаны байқалды.