Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-қимыл жұмыстары бойынша есебі » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-қимыл жұмыстары бойынша есебі
09
январь
2024

Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-қимыл жұмыстары бойынша есебі

Б.Момышұлы атындағы № 35   мектеп-гимназиясының
Жол   инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-қимыл  жұмыстары бойынша есебі

            2023-2024 оқу жылында  жол  инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылжұмыс жоспары жасалынып, бекітілді.                    Балалардың жолдың жүру бөлігін белгіленген жерден тыс кесіп өту, тыйым салатын жол сигналына назар аудармау, жақын маңдағы көлік құралының алдыннан жүгіріп өту, жолдың көлік жүретін бөлігінде жүру, жүгіру, велосипедпен немесе доңғалақты роликтермен жүру, жолдың маңайында ойнау себебінен жолға шығу, велосипед, мопед пен мотоциклді жүргізу кезінде Жол қозғалысы ережелерін бұзу орын алады. Жол ережелерін бұзу балалардың мінез-құлқында берік практикалық дағдыларының жоқтығын білдіреді және соның салдарынан жол қозғалысының күрделі жағдайларында тиісті және дұрыс шешім қабылдай алмауларына әкеледі.
Балалардың жол-көлік жарақаттарының жай-күйi осы проблеманы шешудің жаңа, тиімді жолдарын үнемі іздеп отыруды талап етеді. Олардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырмайынша бұл мақсатқа жету мүмкін емес.
Осы орайда мектебімізде  әзірлеген «Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдардың» мақсаты – жалпы білім беретін мектептің педагогтарына аталған мәселені шешу бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
-қауіпсіз жол қозғалысы негіздері туралы түсінік беру;
-қауіпсіз жол қозғалысы негіздерін оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесіне -шолу жасау;
-жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.
Бастауыш сынып мұғалімдері   мен педагогтеріне   тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ф.Қазыбаева, Б.Уркинбай   мен мектеп инспекторы С.Таубалдиева   мектеп жасындағы балалар үшін ойын және қол жетімді нысанда ЖҚҚЕ талаптарын түсіндіру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.  
        Жоспарға сәйкес «Назар аударыңыз балалар!» тақырыбында   акция  ұйымдастырылды.  Жоспар бойынша  « Жас жол сақшылары»  тобы құрылып, топтың жұмыстарын АӘД пән мұғалімі Д.Қалиев  ұйымдастырды.  Сынып жетекшілер  оқушылардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, көшеде жол тәртібін сақтай білуге үйрету, жол белгілерінің түрлерін ажырата білуге баулу мақсатында  жолда жүру ережелерімен таныстырып, «Жол жүру қауіпсіздігі – өміріміздің кепілі!» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
 «Тиым салынатын белгілер» «Жол таңбалары» тақырыбы бойынша 1 сынып оқушыларына жол ережелері туралы видеороликті  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Қалиев   көрсетті.  Жолда жүру ережелерін көшеде қатаң сақтаңдар, жол белгілерін жаттап алыңдар деп қатаң ескертті.
«Абайла, жаяу жүргінші!» тақырыбында сурет көрмесі 1- 4 сыныптар аралығында ұйымдастырылды.
   Мектеп директоры ата-аналар жиналысында     жол ережесін сақтау, 0-11 сынып оқушыларының өмір қауіпсіздігі туралы ата-аналарға  түсіндірме жұмыстары жасалынып, балалардың жолда жүру кезінде өмірқауіпсіздігіне тікелей ата-ана жауапты екені туралы  айтылды. Жол-көліктік апаттарды азайтудың жолдары:
-жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен, ал олар болмаған жағдайда жол жиектерімен жүрулері тиіс;
-тәуліктің қараңғы уақытында немесе көру/көріну/байқау нашар болған кезде (кешқұрым кезде) көлік жүретін жолдың жиегімен жүрген жағдайда жаяу жүргіншілерге жарық қайтарғыш элементтері бар заттар ұстау немесе киіміне жарық шағылыстыратын таспа жапсырып алу ұсынылады, бұл құралдардың жарқырауы көлік жүргізушілеріне жол жиегіндегі жаяу жүргінші туралы хабардар етеді;
-жаяу жүргіншілер жол қиылыстарын, көлік жүретін жолдарды жаяу жүргіншілер өткелдерінен, олар болмаған жағдайда тротуардың немесе жолдың жиек сызығы бойымен кесіп өтулері тиіс немесе жолда жүру ережелерін (1-қосымша) сақтаулары тиіс.
Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері, олардың білімдері, шыдамдылығы және әдептілігі арқылы ғана, балаларды жолды және көшені кешіп өту кезіндегі қауіпті жағдайлардан сақтап қалуға болатыны туралы айтып өтті. 
  Педагог ұйымдастырушы Г.Думбирова  «Өмір сүру үшін, жолда жүру ережесін сақтаймыз» атты баяндама оқыды.
Оқушылардың күнделіктеріне үйге дейінгі жол картасын сызып беріп, үйге дейінгі жолда жүру қауіпсіздігін үйрету  керектігі айтылды. 
Қыркүйек айының 5-і күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Қазыбаева мен   мектеп инспекторы С.Таубалдиева   8-сынып оқушыларымен жолда жүрген жаяу жүргіншілерге және мектеп оқушыларына  түсіндірме жұмыстарын жасады. 8-сынып оқушылары  жаяу жүргіншілерге парақшалар тарқатты. Парақша төмендегіше мәтінде болды. 
Жаяу жүргінші жағажолмен қозғалыс кезінде қай жағын ұстануға тиіс?
Жаяу жүргіншілер жағажолмен жүрген кезде оң жақ қапталымен жүруге тиіс.
Жүргіншілерге велосипед жолымен қозғалуға рұқсат беріле ме?
Жағажол немесе жолдың жиегі болмаған жағдайда кез келген жаяу жүргіншіге велосипед жолымен жүруге рұқсат етіледі.
«Автоарна» белгісімен таңбаланған жолда жүргіншіге қозғалуға рұқсат
беріле ме?
Мұндай автомагистральдарда жаяу жүргіншілердің жүруіне болмайды.
Жүргіншіге көшені (жолды) егер жүргінші өткелі жоқ болса, кесіп жүріп өтуге рұқсат беріле ме?
Кез келген жаяу жүргіншіге өтпелі жоқ көшеден өтуге болмайды. Ол үшін жақын жағындағы көше қилысына немесе «жаяу жүргінші өткелі» деген белгі орнатылған жерге дейін барып, арнайы өткелден өтуі керек.
Жол бойында өсіп тұрған бұта несімен қауіпті?
Жол бойында өсіп тұрған бұта немесе ағаштар тасасынан жаяу жүргіншілердің шығуы өте қауіпті. Жолда келе жатқан машина байқамай немесе тоқтап үлгере алмай, жүргіншілерді қағып кететін жайлар да кездеседі.
Осындай ЖЖЕ лері жазылған парақшалар тарқатылды. Осы іс-шараға 8-сыныптың оқушылары белсене қатысып, өздері де қатарластарында ережелермен таныстырды. 
 Қыркүйек айының 8-і күні  мектеп инспекторы С.Таубалдиева мен  ТІЖО Б.Уркинбай «Жас жол сақшылары» тобымен бірлесе отырып жаяу жүргіншіге түсіндіру күнін өткізді. Ол бойынша жаяу жүргінішілерге жол ережелері жазылған үндеу парақшаларын таратты. Д.Қалиев ата-аналар жиналысында «Сіздің балаңыз жаяу жүргінші» тақырыбында баяндамасын оқып түсіндірмесін жасады. Қазақ тілі пәні мұғалімі  Л.Есқожаева «Жүргізуші! Балалардың өмірін сақта» шығармалар байқауын 8-9 сыныптарда өткізіп, жақсы жазылған шығарма мақтау қағазымен марапатталды.  ТІЖО Ф.Қазыбаева  автоинспектор және құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, оқушыларға  жолда жүру ережелерімен  жол қозғалыс апаттарының алдын алу жөнінде айтып өтті.  
Педагог-ұйымдастырушысы                      Г.О.Думбирова