«Депрессияның себебі – стресс»
Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы
Анықтама
2023 оқу жылында 5-11 сынып оқушыларымен депрессия және үрейлі бұзылуы туралы ағарту – түзету, әңгімелесу, кеңестер беру жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен депрессия түрлерін және оның себебі туралы әңгіме қозғалды. «Депрессияның себебі – стресс» деп ойласаңыз, қателескеніңіз. Былай қарасаң, солай сияқты, дегенмен депрессия кенеттен пайда болады екен. Мұндай кезде мамандар депрессияға бейімділікке тұқым қуалаушылық түрткі болады дейді. Мысалы, кез келген ұсақ-түйек дүние депрессияны тудыруы әбден мүмкін. Әр адамда депрессия әрқалай: біреуі бөлектеніп, тұйықталса, біреуі көз жасына жиі ерік береді, ал кейбіреуі, керісінше, айналасындағыларға тиісіп, килігіп, күйгелектеніп, ашуланшақ болады. Сондықтан адам өзінің депрессияда жүргенін сезбейді. Оқушылармен депрессияға түспейтін жолдарды қарастырдық, сонымен қатар бос уақыттарында өздерінің жақсы көретін ісімен айналысуы, таза ауада көп жүруі, спортпен айналысуы, жақындарымен бірге уақыт өткізуі туралы әңгіме жүргіздік, кеңестер бердік.
