Интернеттегі ақпараттық қауіпсіздік ережелер туралы сынып сағаттарының өткізілуі туралы
Қазіргі заманда интернет – балалар мен жасөспірімдер үшін білім мен ойын-сауықтың негізгі көзі. Дегенмен интернетте ұсынылған ойындардың арасында қауіпті ойындар да бар. Балалар мұндай ойындарға қызығушылық танытып, олардың әсеріне түсуі мүмкін.
Сондықтан ата-аналар жиналысында және сынып жетекшілерге балалардың интернеттегі қауіпті ойындардан қорғау үшін әртүрлі түсіндірме жұмыстарын жүргі керектігі айтылды.
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша әр сынып сағатының 10 минуты қауіпсіз сабақтар енгізілген болатын. Срның ішінде ақпараттық қауіпсіздік тақырыптары бар, атап айтсақ 1 сыныптар «Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу», 2 сыныптар «Желі арқылы танысу қауіпі», 3 сыныптар «Виртуальды достардан болатын қауіптен қалай сақтануға болады?», 4 сыныптар «Ғаламтор мен мессенджерлердегі қауіпті сілтемелер», 5 сыныптар «Әлеуметтік желілер: негізгі қауіпсіздік ережелері», 6 сыныптар «Зиянды бағдарлама. Қауіпті қалай тануға болады, 7 сыныптар «Желідегі қауіпті хобби (треш-стрим)», 9 сыныптар «Желідегі фейктер үшін жауапкершілік», 10 сыныптар «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», «Онлаин ойындардың қауіптілігі және интернетке тәуелділік», «Жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін жауапкершілік» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді, сонымен қатар балаларға қауіпті ойындардың белгілерін түсіндіру , киббербуллинг, интернетке тәуелділік т.б түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналар балаларды интернеттегі қауіпті ойындардан қорғауда маңызды рөл атқарады. Оларға мынадай шараларды қабылдау ұсынылады:
Білім беру: балаларға интернеттегі қауіпті мазмұнның қандай болуы мүмкін екенін, сондай-ақ оларды қалай тану керектігін түсіндіру. Оларға қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Бақылау: балалардың интернетте не істеп жатқанын бақылау. Ойындар мен сайттарды тексеру, қандай контентпен айналысып жатқанын қадағалау.
Технологиялық құралдар: фильтрлер мен ата-аналық бақылау бағдарламаларын қолдану. Бұл балалардың тек қауіпсіз сайттар мен ойындарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Ашық сөйлесу: баламен интернетте не істеп жатқанын, қандай ойындар ойнайтынын талқылау. Олардың сезімдері мен ойларына назар аудару.
Мысал көрсету: өздерінің интернеттегі әрекеттері мен таңдау үлгілері арқылы балаларға дұрыс бағыт көрсету.