Ата-аналарға оқушының жолдағы ережесімен таныстыру туралы
Ата-аналарға оқушының жолдағы ережесімен таныстыру туралы
Анықтамасы
Барлық сыныптарда ата-аналарды оқушының жолдағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру және оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру - өте маңызды іс-шара. Бұл шаралардың мақсаты – балалардың жолда қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу және ата-аналар мен оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Ата-аналармен арнайы жиналыс ұйымдастырылып, жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жерде жол қозғалысы туралы негізгі ережелерді, балаларға жолда сақ болудың маңыздылығын айтып, қауіпсіздік шаралары туралы кеңестер берілді.
Ата-аналарға балалардың жолда қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпараттар бар парақшалар мен брошюралар таратылды.
Оқушылармен жұмыс барысында негізгі назарды қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге және олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етуге аудару қажет.
Сынып жетекшілермен мен мектеп инспекторы С.Таубалдиева оқушыларға жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы дәрістер өткізіп, түрлі жол қозғалыс жағдайларын талқылады.
Жолда жүру тәртібі бойынша рөлдік ойындар өткізу немесе жол белгілері мен көлік құралдарының рөлін түсінуге арналған тренингтер.
Бейнероликтер мен анимациялар арқылы балаларға жол қозғалысының қауіптерін және ережелерді түсіндірілді.
Оқушыларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру кезінде назар аударылатын негізгі мәселелер:
Жол өтпесі мен бағдаршамды дұрыс пайдалану, оқушыларға жолда өту үшін тек белгіленген жерлерді таңдау және бағдаршам сигналдарына бағыну керектігін түсіндіру.
Оқушыларды жол белгілерімен таныстыру, олардың маңыздылығын түсіндіру. Оқушыларды автобустардың жүру бағытымен және жаяу жүргіншілер жолымен дұрыс жүру ережелерімен таныстыру.
Жолда телефонмен сөйлесу немесе ойнаудың қауіпті екенін балаларға түсіндіру.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.О.Думбирова
Б.Т.Уркинбай