Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау
18
июнь
2026

Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау


2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, Алматы облысының барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау рәсімі 2026 жылғы 18 маусым – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. 
📌 Қабылдау процесі OQU & eGov жүйесі арқылы жүргізіледі:  egov.kz арқылы oqu.edu.kz платформасына авторизациялау арқылы (немесе мектепте қағаз түрінде баланы қабылдау туралы деректерді ББҰ oqu.edu.kz платформасына енгізу арқылы)

Мектепалды даярлықтан өткен және сол мектепте оқуын жалғастыратын балалар автоматты түрде қабылданады.

📄 Білім беру ұйымына қабылдау үшін қажетті құжаттар:

1. Ата-ананың (немесе заңды өкілдің) өтініші;
2. Баланың туу туралы куәлігі;
3. Өтініш берушінің жеке куәлігі;
4. Медициналық анықтамалар: №065/е нысаны («Иммундау паспорты»), №052-2/е нысаны («Бала денсаулығы паспорты»);

🔹Ата-аналар мен заңды өкілдерден белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттарды уақтылы тапсыруды сұраймыз.