Көрісу күні
Мектебімізде ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін ерекше мереке – Көрісу күні (Амал мерекесі) жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында оқушылар, мұғалімдер және мектеп ұжымы бір-бірімен қол алысып, ізгі тілектерін білдірді. Мереке аясында оқушылар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, мәнерлеп оқу және өнер байқаулары өткізілді. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, қазақтың салт-дәстүрлеріне сай көріністер қойды. Сонымен қатар, күй орындаушылар өз өнерлерін ортаға салып, домбыраның күмбірлеген