Ұлттық спорт күні » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2025

Ұлттық спорт күні

Мектепте 20 наурыз ұлттық спорт күні ретінде ата-аналармен бірлесе отырып ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шара аясында дәстүрлі спорттық ойындар – асық ату, арқан тартыс, қой көтеру, қол күрес және бес асық ойыны сынды жарыстар өтті. Әрбір спорт түрі өз алдына ерекше мәнге ие болып, қатысушы ата-аналардың дене шынықтыру мен ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншілігін паш етті.

Жарыстар кезінде әр қатысушы өз өнерін толық көрсете білді. Ата-аналар арасындағы бәсекелестік жылы әрі достық атмосферада өтті, әркім бір-біріне қолдау көрсетіп, ынтымақтастықтың үлгісін танытты. Жарыстардың нәтижесінде ең үздіктері дипломдар мен медальдермен марапатталып, олардың еңбегі мен шеберлігі ерекше бағаланды.

Бұл іс-шара ұлттық спорт дәстүрлерін жаңғыртуға, ата-аналар мен мектеп қауымдастығының бірлігін нығайтуға және денсаулыққа деген ынтаны арттыруға зор үлес қосты. Ұлттық спорт күні – рухани бірлік пен дене тәрбиесінің үйлесімділігін көрсететін маңызды мереке болды.