Мектеп оқушылары арасында бопсалау мен әлімжеттік фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушылары арасында бопсалау мен әлімжеттік фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы
18
октябрь
2024

Мектеп оқушылары арасында бопсалау мен әлімжеттік фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы

Б.Момышұлы атындағы № 35 мектеп-гимназиясы

 анықтама


Мектеп оқушылары арасында бопсалау мен әлімжеттік фактілерін анықтау, сондай-ақ басқа да құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында бірнеше маңызды қадамдар жасалынды.  Оларды жүзеге асыру үшін мектептерде алдын алу шаралары мен ата-аналармен жұмыс жүргізілді. 

    Оқушылар арасында бопсалау, әлімжеттік, құқықбұзушылықтар, теріс ағымдарға қатысу және басқа да қауіпті мінез-құлықтарды анықтау үшін жасырын сауалнамалар алынды. 

     Жасырын сауалнама үлгілері  тек мінез-құлық пен жағдайларға қатысты сұрақтар қойылды. Оқушыларға сауалнама қағаз түрінде берілді. 

 Сауалнама нәтижелерін мектеп әкімшілігі мен мектеп  психологтармен талқылап, нақты шешімдер қабылданды. 

      Ата-аналар жиналысында ата-аналарға құқықбұзушылық профилактикасын, сондай-ақ бопсалау мен әлімжеттің алдын алу туралы ақпараттар  берілді. 

     Мектеп инспекторы С.Таубалдиева бала тәрбиесі, әлеуметтік желілердегі қауіптер, әлімжеттік пен бопсалаудың белгілері және олардың алдын алу жолдары туралы айтып өтті. 

     Ата-аналарға балаларының психологиялық күйі туралы ақпарат алып, қажет жағдайда психологтармен кеңес беру ұсыныстары берілді. 

Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау бойынша мектеппен тығыз байланыс орнату керектігі  де айтылды. 

        Оқушылар мен ата-аналарды құқықбұзушылық профилактикасы, теріс ағымдардан сақтану, бала еңбегінің қанауы, жыныстық тиіспеушілік, ұлтаралық татулықты сақтау және т.б. мәселелер бойынша ақпараттандырылды. 

     Мектепте мектеп  психологтары, құқық қорғау органдары, балалардың құқықтарын қорғаушылар және басқа да мамандар қатысатын кездесулер ұйымдастырылды. 

      Оқушыларға арналған тренингтер мен семинарлар өткізілді (құқықтық сауаттылық, жыныстық тиіспеушілік, теріс ағымдардың алдын алу және т.б.).

  Ата-аналар мен оқушылардың пікірін тыңдау, өзара әрекет ету үшін ашық алаңдар ұйымдастырылып тұрады. 

      Қажет болған жағдайда, педагогтар мен психологтардың оқушыларға жеке кеңестер беріп отырады. 









Құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шаралары жасалынды.

     Мектепте құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін барлық мүдделі тараптармен тиімді жұмыс ұйымдастырылды. 

     Оқушыларды құқықтар мен міндеттер туралы ақпараттандырылды.  (ҚР Конституциясы, баланың құқықтары туралы конвенция).

  Қауіпсіз орта жасау үшін мектепте психолог, әлеуметтік педагог, құқық қорғаушыларды тұрақты түрде жұмысқа тартылды. 

    Оқушылар арасында «сенім телефоны» мен «құпия кеңестер» жүйесін енгізілді. 

Бала еңбегінің алдын алу

   Оқушылар мен ата-аналар арасында бала еңбегінің қанауының зардаптары мен құқықтық салдары туралы ақпарат таратылды. 

   Мектептерде оқушыларға арналған еңбек құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

    Жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік қызметтермен бірлесіп, бала еңбегінің қанауына жол бермейтін бақылау шараларын жүзеге асырылып жатыр. 

Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу:

      Оқушыларды жыныстық тиіспеушілік мәселелері туралы ақпараттандырылды. 

  Жыныстық тиіспеушілік, қорлау және сексуалдық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренингтерді мектеп психологтары Н.Байдилдаева мен Г.Мулкибекова үнемі өткізіп тұрады. 

   Қыздар, Ұлдар жиналысында директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.уркинбай оқушыларды өз құқықтарын қорғау тәсілдерімен , мектепте қыздар мен ұлдар арасындағы сыйластықты дамыту және гендерлік теңдік мәселелері бойынша  айтып өтті. 

Қорыта келгенде,  жоғарыда аталған шараларды мектепте іске асыру арқылы оқушылар арасында бопсалау мен әлімжеттік, жыныстық тиіспеушілік, бала еңбегінің қанауы сияқты құқықбұзушылықтарды болдырмауға болады. Сонымен қатар, ата-аналармен және жергілікті билік органдарымен тығыз жұмыс істеу маңызды. 



Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                          Б.Уркинбай