03-13 ақпан аралығында «Менің сыныбым буллингке қарсы!» тақырыбында өткен іс-шаралар
Мақсаты: Балалардың және жасөспрімдердің денсаулығына және олардың жан дүниесіне орын толмас зиян келтіретін әрекеттердің алдын алу.
03-13 ақпан айларында «Менің сыныбым буллингке қарсы!»тақырыбында жоспар жасалынып, әр сынып бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Менің сыныбым буллигке қарсы!» 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізіліп, буллинг туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 06 ақпан күні 8 сыныптар арасында мектеп психологы Н.Байділдаеваның бастамасымен «Көтеріңкі көңіл күй» шын жүректен тілек айту челленджі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 07 ақпан күні «Дос болайық бәріміз» спорттық ойын 7 сыныптар арасында ұйымдастырылып, жеңімпаз сыныпқа мектеп директорының мөрі басылған дипломмен марапатталды. 11 ақпан күні 6 сыныптар арасында «Буллингке жол жоқ» суреттер байқауы өткізілді. Салынған суреттер мектеп фоесінде ілінді. 12 ақпан күні «Буллинг қоғам дерті» тақырыбында Тұран дебат клуб мүшелері пікір талас ұйымдастырылды. 03-13 ақпан күндері «Менің сыныбым буллигке қарсы!» челлендж ұйымдастырылды.
Барлық өткізілген жиналыстардың хаттамасы жазылып, мектеп сайты мен әлеуметтік желіге жарияланған.