«Еңбек күні» бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Б.Момышұлы атындағы № 35 мектеп-гимназиясы
Анықтама
Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәттілеу. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады.
Еңбек күніне байланысты қыркүйек айының 23-27 күні «Еңбек күні» арналған іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. 1-4 сынып «Әлемнің әміршісі-еңбек» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. «Тұран» дебат клубы «Еңбек талантқа қарағанда көп пайда әкеледі деп есептейді» тақырыбында 7-9 сынып оқушылар арасында пікір сайыс өткізілді. Еңбек пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді.
Сонымен қатар мектепте оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу мақсатында мектеп ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, сыныптарын таза ұстау сияқты жұмыстар жүргізілді.
Өткізілген барлық іс-шаралар оларға өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, еңбек етуге саламатты өмір сүруге деген жауапкершіліктерін арттыра түсуіне игі ықпалын тигізді.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Думбирова