01
сентябрь
2021
Әлеуметтік педагог
Сарсенбаева Жазира Убайдуллақызы 1993жылы 9 тамаыз айында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дүниеге келген. 1999жылы №223жалпы білім беретін орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 2008жылы сол мектепті аяқтаған. 2008жылы «ҚазНұр» гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012жылы бітіріп шықты. 2012жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2015жылы аталмыш оқу орнын бітіріп шықты.
Алғашқы еңбек жолымды 2015жылы Талғар ауданы, Кеңдала ауылындағы №42 жалпы білім беретін орта мектепке Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасудан бастады.
2018жылдан бері Талғар ауданы, Бірлік ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №35мектеп-гимназиясына ауысып еңбек жолымды жалғастыруда. Қазіргі таңда аталмыш оқу орнында Әлеуметтік педагог болып қызмет атқаруда.