"Адал ұрпақ-ұлт болашағы" » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2025

"Адал ұрпақ-ұлт болашағы"

 

Адал ұрпақ –ұлт болашағы

         Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық  іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды. Бала мінезі, азаматтық көзқарасы ата-ана, орта,  мектеп тәрбиесі арқылы қалыптасады. Мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол жоқ!» қағидатын қалыптастыру аясында мектебімізде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда бұл   клуб  мектеп оқушылары арасында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұрады. Атап айтсақ, 21 қаңтар күні «Тұран» дебат клубының ұйымдастыруымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбындағы пікірталас, 20 қаңтар «Адалдық» тақырыбында адалдық дүкені ұйымдастырылды.  Мұндай дүкеннен ұстаздар мен оқушылар өзіне қажетті затты алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, зат сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де – осы. Барлығы жүз пайыз сенім мен адалдыққа негізделген. Сонымен қатар Адал ұрпақ клубы  «Парасатты азамат» бұрышын құрып, барлық оқушыларға Адалдық, парасаттылық туралы жадынамалар таратып, әділетті ұрпақ болуға шақырды.  Қаңтар айының 24 күні «Адал ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі» тақырыбында клуб мүшелері арасында өткен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мектептегі белсенді  оқушылар қатысып, адалдық туралы ой қозғалды. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады,  демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы  да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық. 


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары                   Г.Думбирова