Тәрбие саласы
Тәрбие жұмысы бойынша 2024-2025 оқу жылының І жарты жылдық есебі
2024-2025 оқу жылына аудандық жылдық жоспар жасалынып, бекітілген болатын. Сол жоспарға сүйене отырып «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып, ай сайыңғы тәрбие жұмысы жоспары жасалынады. Ұлттық құндылықтар бойынша ұйымдастырылған іс- шаралар жоспарға сәйкес өз уақытында өткізіліп отырды. Атап айтқанда, 1 қыркүйек білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті, 1 мен 11 сынып оқушыларының қатысуымен. Ал 2 қыркүйек күні «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы алғашқы бірыңғай сынып сағаттарын өтті.
Сынып сағаттың мақсаттары:
1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.
2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне Қазақ тілі мен әдебиетінің жетекшілерімен бірігіп жоспар құрылды. "Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем" атты апталықта үш тілде сұрақтар қойылып викториналық ойын ұйымдастырылды, апта бойы тіл тақырыбына мәнерлеп өлеңдер оқу сайысы болды. Апта ішінде бастауыш сынып арасында "Тіл-қатынас құралы" тақырыбында сурет көрмесі мен нақыл сөздер көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар диктант, эссе, әртүрлі интеллектуалды сайыстар мен байқаулар өткізілді. Солардың бірі «Мысалмен айтқан көп ойлар» атты Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары бойынша байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өміріне шолу жасай отырып, ақынның мысал өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру. Білім алушыларды шығармашылық ізденіске жетелеу. Мысал өлеңін оқуда ынтымақ-бірлік, көпшілдікке баулып, адамгершілік пен жақсылық, парасаттылық қасиеттерге тәрбиелеу. Қатысқан оқушылар жүлделі орындармен номинацияларға ие болды.
1-11 сынып жетекшілері "Тіл- тәрбие құралы, мәңгілік елдің ұраны" сынып сағаттарын өткізді.
Отбасы күні мерекесіне орай мектеп психологтарымен бірлесіп бастауыш сыныптар арасында " Отбасы бақыт мекені" атты сабақ өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынасты нығайту, бір- бірімен ашық сөйлесіп, құндылықтарды қалыптастыра білу.
Жоспарға сәйкес жылда өткізетін «біздің мектеп буллинге қарсы» республикалық челленджге оқушыларымыз белсене қатысты.
«Қарттырым-асыл қазынам» демекші «Қарияға қол ұшын соз» жобасы аясында 1-қазан 7 б сынып оқушылары Қарттар күніне орай Бірлік ауылының қарттарына барып қайтты, мерекемен құттықтай отыра, ауланы тазалап, аздаған сыйлықтарын берді.
Дублер күнінде өзін – өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен және адал еңбекті құрметтеу мақсатында жоғары сынып оқушылары бастауыш сыныптарға барып сабақ берді.
Ұстаздар күніне орай оқушылар барша ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтау мақсатында бейне құттықтаулар түсірді.
Музыка жетекшілерімен бірігіп Ұстаздар күніне арналған “Ұстазым” әнімен республикалық челленджге оқушыларды дайындадық. Мектеп мұғалімдеріне арналған "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік концертті ұйымдастыруға ат салысқан музыка жетекшілері мен 11 сынып жетекшілері. Және 11сынып оқушылары белсенді қатысты.
Жоспарға сәйкес балалар әдебиетінің бәйтерегі тақырыбында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай мектеп кітапханашыларымен бірігіп 1-4 сыныптар арасында "Ертегілер еліне саяхат" атты танымдық сабақ өтті.
Бастауыш сынып арасында сынып сағатының өзекті тақырыптардың бірі "Дұрыс тамақтану. – денсаулық кепілі".
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; 2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
19 қазан Құтқарушылар күніне орай 1-11 сынып оқушылар арасында құттықтау челленджі ұйымдастырылды.
1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттарында құтқарушылардың күнделікті ерлігі жайлы бейнеролик көрсетіліп, құтқарушы жұмысының маңыздылығы мен ерліктері, Отаншылдықты қазірден бастап бойларына сіңіргені дұрыс екенін түсіндірді.
Мектеп Президентін сайлау өтті, жаңадан өзін өзі басқару ұйымы тағайындалды. "Төрт тоқсан - төрт өнер" жобасы аясында "Ақындар айтысы" өтті. Қыздардың қатысуымен "Бұрымды қыз" челленджі ұйымдастырылды. Жүректен жүрекке жобасы аясында 5-6 сыныптар арасында "Күзгі асар" қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осы жәрмеңкеге қатысқан сынып жетекшілері мен оқушылардың ата аналарына мың алғыс. Сонымен қатар «Күз кереметі» 1-7 сыныптар арасында экибано ұйымдастырылды, әртүрлі ағаштан, пластиктен, көкөністерден заттар жасалынды.8-10 сыныптар арасында «Күзгі бал» Ханзада мен Ханшайым байқауы өткізілді.
Республика күні «Көк тудың желбірегені» 25 – қазан Республика күніне орай «Ұрпаққа аманат жобасы» аясында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Елдігімізді нығайтатын ұлттық мереке-Республика күніне арнап оқушылар құттықтаулар түсірді.
Кітапханада кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 24 – қазан барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету және туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сонымен қатар сынып жетекшілер күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы айтты.
Мереке «Мәңгілік жаса, қыран елім!" атты мерекелік концертпен жалғасты.
Сонымен қатар әр айда қыздар, ұлдар жиналыстары, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер инспекторымен кездесу жоспарланды. Жоспар бойынша оқушыларға буллингтің алдын алу, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шаралары тура, лудомания, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жоспарға сай түсіндірме жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар 1-11 сынып сағаттарында үнемі айтылып отырады.
Емханадан арнайы мамандар келіп 8-11 сыныптар арасында қыздармен профилактикалық жиналыс өткізді. Қыздардың гигиенасы, тазалығы туралы дәріс оқыды
Жоспарға сәйкес 6-7 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Таубалдиева Сымбат Нурболқызы профилактикалық жұмыс жүргізді.
Талқылау тақырыптары:
1.Скутер / мотоциклдегі Қауіпсіздік : жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
2.Буллингтің алдын алу және оларға жауап беру жолдары талқыланды.
3.Құқықбұзушылық жайлы тақырып қозғалды.
Аудандық кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер инспекторының қатысуымен үнемі профилактика Кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру керек. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары барысында аз қамтылған отбасы категориясындағы балалардың үй жағдайы анықтау үшін, ата-аналармен профилактикалық әңгімелесулерді өткізу үшін. Жайсыз отбасылардан шыққан оқушыларға үнемі бақылауда ұстау үшін қажет.
Осындай профилактикалық жұмыс пайдалы және ақпараттандырылған, бұл оқушылар арасында хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
15-қараша Ұлттық валюта –теңге күніне байланысты 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді. Сонымен қатар тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен фоэде ұлттық валюта көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларды теңгенің шығу тарихымен таныстырды.
Шабыт жобасы бойынша қараша айында Мектеп театры өткізілді. Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Мектептегі бір күнім» театр қойылымы қойылды.
«Ұшқыр ой алаңы» бойынша мектебімізде әр апта сайын дебат өткізіліп тұрады. Дебатта құрамында 34 оқушы бар. Жетекшісі Қалиева Диана.
16 желтоқсан күніне орай мектебімізде «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 10 сыныптар арасында әскери спорттық іс-шара ұйымдастырылды, 10в, 8а сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арнап іс-ша өткізілді.
Желтоқсан айының 20 күні 5 сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымымен 2 сыныптар «Жас қыран» ұйымына қабылданды. Әр сынып өз топтарының аты мен ұранын айтып, әнін шырқады. Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы құрметтеуге ант берді. Ант қабылдау рәсімінен кейін оқушыларға көгілдір галстук пен арнайы төсбелілер тағылды.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен жетекшісі Р.Ибадяттың ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында 8-11 сынып оқушылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді, жадынамалар таратылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» 9 сыныптар арасында пікір талас өткізілді. Оқушылар Сыбайлас жемқорлық жайлы өздерінің ойларын ортаға салып, талқыланды.
Мектептің «Адал ұрпақ» клубының мүшелері аудандық Адал ұрпақ еріктілер клубының Ту мен кітапты қабылдау челленджіне қатысты.
Желтоқсан айының 25-27 күндері «Жасыл шырша маңында» жасыл шырша мерекесі өткізілді.
17 қаңтар күні «Даналық мектебі» шеңбері аясында 5-9 сыныптың әкелер қауымымен : "Әке –отбасы қорғаны" тақырыпта әкелер форумы ұйымдастырып, өткізілді.
Мақсаты : Әкелердің отбасындағы, қоғамдағы рөлінің зор екендігіне, отбасы тәрбиесінде әке жолының ерекше екендігін ұғындыру барысында мектептегі тәрбие мәселелері мен мектеп өміріне де ат салысуға шақыру.
Іс - шараға мектеп әкімшілігі, педагогтер қауымы , әкелер қатысты. Іс шара барысында әкелер қауымымен түрлі жаңа, қызықты әдістер арқылы бала тәрбиесінде әкеның рөлі зор екендігі туралы айтылып, бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт-бағдар беру және жалпы бала тәрбиесіндегі қыр-сырларымен бөлісті. Сонымен қатар, кездесу барысында әкелердің бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңыздылығы арттырылып, балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы қарастырылды. Барлық әкелер қауымы белсенді қатысып, өздерінің ойларымен бөлісті.
«Мен оқыған ертегі» оқуға құштар мектеп жобасы бойынша 1-4 сынып оқушылар арасында ертегілер елінде қойымы қойылды.
31 қаңтар күні мектеп оқушыларының аналардың басын қосқан “Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы атты мектепішілік аналармен сырласу кеші өткізілді.Сырласу кешіне 30 жуық аналар келіп қатысты.
Тоқсан бойы атқарылған іс шаралар мектеп инстаграмм парақшасымен мектеп сайтында жарияланып тұрады.
Осы атқарылған іс шаралардың барлығы «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсатына жету, яғни оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу болып келеді.