Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай өткізілген іс-шара » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай өткізілген іс-шара
14
февраль
2025

Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай өткізілген іс-шара

Б.Момышұлы атындағы № 35 мектеп-гимназиясы

Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күніне орай  өткізілген іс-шара

Анықтамасы 

Мектебімізде  «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күніне» орай  іс-шаралар өткізілді. 

       13 ақпан күні директор жанындағы отырыста мұғалімдерге АӘД пәнінің мұғалімі Д.Қалиев өрт қауіпсіздігіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 1-11 сынып жетекшілеріне сынып сағаттарында өрт қауіпсіздігіне байланысты үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Өрт қауіпсіздігінің жадынамасымен оқушылар таныстырылды. «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күніне» орай 2025 жылдың 13 ақпан күні  Талғар қаласындағы  өрт сөндіру бөлімінің аумағында мектеп оқушыларымен ашық есік күні өтті. Аталған өрт сөндіру бөліміне бас сұққан балаларға өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау капитаны Хасен Жарас Байқадамұлы   аталған қызмет жөнінде кеңінен әңгімелеп, негізгі өрт сөндіру техникалары мен авариялық-құтқару жарақтары, жауынгерлік киімдердер, тыныс алуға қолайсыз ортада қолданылатын «MSA AUER»  аппараттарымен таныстырып,  оны өрт кезінде қалай қолданатындығы жөнінде  түсіндірді. Құтқарушылар оқушыларға қысқы мезгілдегі жылыту маусымында пеш және электр құралдарын пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды ескертті. Ұялы телефонға келіп түскен хабарламаларға үнемі назар аударуды естен шығармау қажеттігін айтты. Ал ауа-райының қолайсыз кезеңінде алысқа сапарға шығуды мүмкіндігінше кейінге қалдырған жөн екендігін айтты. Кішкентай балаларға шақпақпен ойнауға жол бермеу қажеттігін ескертті.  Сондай-ақ өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына қызыққан оқушыларға Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсудің тәртібімен және белгіленген шарттарымен таныстырды.  Шара соңында оқушылар от жауынгерлерінің жауынгерлік киімдерін киіп, өрт сөндіру автокөлігінің жанына естелік үшін суретке түсті. Осындай бағыттағы іс- шаралар одан әрі жалғасуда.



Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                            Г.Думбирова