16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне » арналған іс-шараның
«Алматы облысы Талғар аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында мектептің барлық сыныптарында ашық сынып сағаттар өткізілді. Сынып сағаттары:викторина, білгірлер сайысы, дөңгелес үстел түрінде ұйымдастырылды.
4 сыныптар «Тәуелсіз елім-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.




13.12.2024 жылы Тәуелсіздік күніне арналған "Айбын 2024ж " әскери спорттық мектепішілік жарыс 10сыныптар арасында өткізілді. Алдын ала хабарландыру жасалып, мектеп әлеуметтік желіге салдынды. Жарысқа төрт команда қатысты.Оқушылар белсенділік танытып. Нәтижесінде сыныптарына жасақталған топтар жүлделі Бас жүлде-10ә, І орынмен-10в, жүлделі ІІ-10б сынып,ІІІ орынмен 10асыныптары иеленіп, мектеп директорының дипломымен марпатталды.


13 желтоқсан мектепте Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты іс-шараға желтоқсан ардагері, мектебіміздің ұстазы Чинтемирова Роза Медетқызы және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Директодың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Думбирова