Алғыс айту күні
Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
1 наурыз күні мектебімізде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шараны 8 «Ә» және 6 «А» сыныптары «Қазақ халқына Мың алғыс» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға ұстаздарымызды, мектеп ұжымын тілектерін айтып құттықтады.
Осы аталмыш мерекеге орай, 6 «А» және 8 «Ә» сынып оқушылары ата-аналарына, ұстаздарға арнап, ақын-жазушылардың алғыс айту туралы туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен қобызбен күй орындап би биледі.
Көктемнің алғашқы мерекесі оқушыларға, ұстаздарға, асхана жұмыскерлеріне ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.

