«Зиянды заттардан өзіңді қорға» ұлдар жиналысы » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зиянды заттардан өзіңді қорға» ұлдар жиналысы
27
февраль
2025

«Зиянды заттардан өзіңді қорға» ұлдар жиналысы

         2025 жылдың 27 ақпан күні «Зиянды заттардан өзіңді қорға»тақырыбында   ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ДТІЖО Б.Уркинбай  қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екенін айтты.  Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз болады.  Сондықтан оқушыларды  салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі ұстаздардың  педагогикалық проблемалардың бірі болып тұрғандығы айтылды. Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең , білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу.

       Лұқман Хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлықта, даңқта адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш- жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты», — деген екен.

Қалай болғанда да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір орнатуға бәрімізде атсалысуымыз керек.

Шылым шегу – ең кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Дамыған елдерде шылым 20 % астам мезгілсіз өлімдердің болу себебі.

Қазіргі таңда дамыған елдерде шылым шегудің салдарынан өлген еркектердің саны бірқалыпты деңгейде тұрады немесе төмендейді, ал шылым шегу тәуелсіздіктің және қазіргі заманға сай болудың символы болған әйелдер арасында өлім осының салдарынан өсуде. Болжам бойынша алдағы онжылдықта АҚШ пен Англияда шылым шегуден әйелдер арасында өлім еркектерге қарағанда көп болады. Мұндай тенденция Канадада байқалады. Зерттеулер, едәуір қамтамасыз етілген әлеуметтік топтар арасында шылым шегуден өлгендердің саны көп екенін көрсетті. 

Сол себепті оқушыларды зиянды заттардан аулақ ұстау мақсатында сынып сағаттары өткізілді.