Көркем еңбек, музыка пәндері бойынша сабақтың өтілуі » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көркем еңбек, музыка пәндері бойынша сабақтың өтілуі
24
январь
2025

Көркем еңбек, музыка пәндері бойынша сабақтың өтілуі

         Қаңтар айының 20-24 күндері аралығында көркем еңбек, музыка пәндері бойынша сабақтың  өтілуі бақыланды.  

Нурбатырова Бақытгул Әшімқызы- педагог-зерттеуші, 5 а, 6аәб, 7аәбвг, 8 аәбвг, 9аәбвг  сыныптарына сабақ береді.  9в сыныбына сабаққа қатыстық,  пән мұғалімі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу және дамытудың көп тәсілдерін қолдана білді.  Оқушыларды қызықтыру үшін алдымен қолданбалы өнер  элементтерін пайдалана отырып, дайын бұйымды әшекейлеп оқушыларға көрсетіп қызықтыра алды.  

Іс-тәжірибе тарату бойынша аудандық тамыз конференциясында шебер сынып көрсетті, сонымен қатар қаңтар айында «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» аналармен өткен сырласу кешінде аналарға құрғақ жүнмен   шебер сынып өткізді. Жетістік бойынша айтатын болсақ,  Зерде аудандық олимпиадаға   оқушы қатыстырып, І орын алып,  облыстық олимпиадаға жолдама алып, облыстан ІІІ орын иеленді. 

Абеуов Амангелді -педагог зерттеуші, 5б, 6а, 6в, 6г сыныптарына сабақ береді. 22 қаңтар күні сабағына қатыстық, сабақ жоспары бойынша материалды іріктеу, таңдау тақырыбында сабақ өтілді. Оқушыларға конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық,  механикалық қасиеттерін және олардың қолдану аясын түсіндіре алды.  2024-2025 оқу жылында іс-тәжірибе таратылмаған, жетістіктері жоқ. 

Абдилдаев  Рысбай- педагог- зерттеуші, 5а,ә  6б,а  7аәбвг 8аәбвг 9аәбвг сыныпта сабақ береді. 

2024 жылдың желтоқсан айында екі оқушы Республикалық «Қыс» атты шығармашылық жобада 6 б сынып оқушысы Айтақын Сұлтан І орынды, 8 ә сынып оқушысы Бағымбек Абдулла ІІ орынды иеленді. Іс-тәжірибе таратылмады. 

      Көркем еңбек пәні бойынша  7 б   сыныбына сабаққа  қатыстық,  сабақ жоспары бойынша сәндік-қолданбалы өнер,  дизайн және технология  тақырыпта сабақ өтілді.  Барлық оқушылар   өзіндік жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдана отырып, әшекей бұйымдарын жасай алды. 

Құрманбекова Толғанай-педагог, 5ә, 5б, 5в, 5г сыныптарға сабақ береді. 5 б сыныбына қатыстық, тақырып бойынша  Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу бойынша сабақ өтілді. 

Сабақ барысында оқушылар натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесім, әуе перспективасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Көркем еңбек кабинетінде өзін өзі ұстау нұсқаулығы қадағаланды.

Емениязова Асель –педагог-сарапшы, 1а, 1ә, 2абв, 3аб, 5аәбвг, 6 аәбвг, гимназиялық компонент  5г, 6в сыныптарына  сабақ береді. 

«SERPER» өнер, білім шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен І Республикалық «Серпін» байқауына «Вокал» номинациясы бойынша  8ә сынып оқушысы Мәулен Нұрәлі бас жүлде, 4д сынып оқушысы Дүйсенқали Айару ІІ орынды иеленді.  24 қаңтар күні 17.25-18.10 5 г сыныбына қатыстық. Сабақ жоспары бойынша Түркі халықтарының музыкалық дәстүрі тақырыбында сабақ өтілді. Оқушылар  өзбек, қырғыз халықтарының музыкалық дәстүрімен, әнімен, биімен таныстырылды.   Қазақ халқының «Жетіген туралы» аңызын тыңдап, аспап туралы талдау жұмыстары жасалынды. 

Қорыта келгенде, оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру арқылы  өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де көркем еңбектің   негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған деп ойлаймын.

Ұсыныс. Көркем еңбек  және музыка пәндерінің жеке кабинеттерінің болмауына байланысты, оқушылардың жұмыс жасауына толық мүмкіндігі жоқ.  Музыка, көркем еңбек пәндеріне арналған жеке жабдықталған кабинет ұйымдастырылса, музыка пәніне арналған музыкалық аспаптармен жабдықталса.