05
июнь
2026
Облыстық "Қауіпсіз дөңгелек-2026" байқауы

"Заң мен Тәртіп" аясында Алматы облысында өткен жол қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған "Қауіпсіз дөңгелек-2026" облыстық жас жол инспекторлары жасақтарының слетінде Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназия оқушыларынан құралған командасы жоғары дайындық пен білімдерін көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Байқау барысында оқушылар жол қозғалысы ережелерін жетік меңгергендерін дәлелдеп, түрлі кезеңдерде өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Бұл жетістік - оқушылардың табандылығы мен жетекшісі АӘД пәні мұғалімі Д.С.Қалиевтің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Оқушыларымыз бен жетекшісі Д.Қалиев дипломдармен марапатталып, ал 9 б сынып оқушысы Манат Ерасыл "Ең үздік автоқалада велосипед жүргізушісі" номинациясымен марапатталды.