Ауған соғысында болған ардагерлермен кездесу кеші өткізілді » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысында болған ардагерлермен кездесу кеші өткізілді
23
февраль
2023

Ауған соғысында болған ардагерлермен кездесу кеші өткізілді

       2023 жылдың 15 ақпанында «Ауған соғысының жаңғырығы» атты тақырыпта Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына  арналған мектепішілік ардагерлермен кездесу кеші өткізілді. Кешті 9 «б» және 6 «а» сыныптары  ұйымдастырды.Сынып жетекшілері Сыдықова Бақыт пен Булегенова Индира . 

Ауған соғысының ардагерлері-Абдилдаев Рысбай Токенович ауған соғысының құрметті қонағы болды. Рысбай Токенович өзінің өнегелі өмірінде бүгінгі  Ауған соғысының аргерлері, өнегелі ұстаз, ардақты  әке болып, жастарға үлгі бола білді.  «Иа,  «Отан үшін отқа түс, күймейсін» деп халық бекер айтпаған.  Кеуделеріңізді  отқа төсей жүріп, Отан алдындағы борыштарыңызды мінсіз өтегендеріңіз біз үшін өнеге. 

Сіздердің іс-әрекеттеріңіз біздерді патриоттық сезім мен   лжандылыққа баулиды. Рахмет,   сіздерге Рыспай аға ! Сіздерге ұзақ ғұмыр мен бақытты өмір тілейміз! Сіздердің ерліктеріңіз үшін бас иеміз!»  дей келе соғыс ардагерін ортаға шақырды . Олардың майдандас жолдастарымен түскен суреттерін слайдтан көрсете отырып, сұхбат жүргізілді. Рыспай ағай екі жыл қан майданда көрген азапты күндерінен естеліктер айтып берді. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сұм соғыста қандай жерде жатып, тіршілік үшін қалай күрескендерін тебіренетіндей әсер етті. Майдангерлерге қойылған оқушылардың қойған сұрақтары қызықты болды. Ардагерлер де аса ыждаққаттылықпен сұрақтарға жауап берді, қан майданда көрген қиыншылықтары мен қорқынышты сезімдерімен бөлісті.