Әдістемелік жұмыстарының бағыттары » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2023

Әдістемелік жұмыстарының бағыттары

2022-2023 оқу жылдың әдістемелік жұмыстың мақсаты:
Инновациялық білім беру – мұғалімдердің коммуникативтік-ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру, оқу-тәрбие үрдісінде
мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің деңгейін үзбей арттыру және шығармашылықпен жұмыс тәжірибесін эксперимент алаңындағы серіктес мектептермен бірігіп тәжірибе алмасу, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері арқылы білімді бәсекесіне қабілетті тұлға қалыптастыру.
Мектептің ғылыми - әдістемелік жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді.
1.Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс. Мақсаты:Мұғалімдер мен мамандардың жетекшілігімен оқушылардың оқу пәні бөлімі ғылым саласы, өнер және техника бойынша зерттеу, шығармашылық, тәжірибе,іс-әрекет білімі мен іскерлігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ойын (интеллект) дамытуға ұмтылдыру
2.Мектептегі әдістемелік бірлестіктермен жүргізілетін жұмыс. Мақсаты: Бірлестіктер бойынша жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу, талдау, бірлестіктегі пән мұғалімдеріне әдістемелік бағытта көмектер ұйымдастыруды жоспарлау, мұғалімнің кәсіби өсуіне жағдайлар туғызу.
3.Жас мамандармен жұмыс
Мақсаты: Кәсіптік қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылға жетпейтін жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Жоспар бойынша семинарлар мен дөңгелек үстел отырыстары болды. «Педагогикалық дебют-2022» жас мамандар байқауына Досымхан Ұлжан математика пәнінің мұғалімі қатысып, алғыс хатпен оралды.
4.Іс-тәжірибе тарату бағытындағы жұмыстар
Мақсаты: Қазіргі білім жүйесіне бағытталған шығармашыл, педагогикалық ізденіске бейім мұғалімдерді анықтау.
Астана қаласына Республикалық Педагогикалық Ғылыми Конференцияға тәжірибе алмасуға 4 бағыт бойынша мектебімізден төмендегі 7 мұғалім барып, тәжірибе алмасып, сертификатпен оралды. Мақалалары Республикалық жинаққа шықты.
Достайқызы Құралай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – тіл бағыты;
Қапалбаева Гүлназ Ержанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-тіл бағыты;
Джумабекова Мира Камзаевна орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-тіл бағыты;
Уркинбай Ботагөз Тұрсынгелдіқызы бастауыш сынып мұғалімі –тәрбие бағыты;
Далдабаева Нурбану Нурашовна бастауыш сынып мұғалімі –тәрбие бағыты;
Қыдырәлі Рима Қыдырәліқызы бастауыш сынып мұғалімі –тәрбие бағыты;
Емениязова Асель Ермековна музыка пәнінің мұғалімі-өнер бағыты;
5.Облыстық эксперимент аясында, магниттік мектептер арасында, LS зерттеу қоғамдастық аясында өткен жұмыстар. Мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибелерін, бағдарламаларын аудан, облыс көлемінде тарату жұмыстарын қадағалау. Мектебіміз үш бағытта жұмыс атқарып жатыр. Облыстық «Магниттік мектептермен» Смағұлов атындағы мектеп-интернатпен және ауданымыздың №32, 13 мектептермен
«Білім сапасын көтеру» тақырып аясында. Облыстық эксперимент аясында 8 аудан 1 қала мектептерімен тәжірибе алмасу алаңындағы жұмысты желтоқсан айында аяқтап, қорытынды жинақ шықты. V облыстық эксперимент аясында істелінген жұмысты қорытындылап, облыстық жинаққа мектеп директоры Б.М.Малдыбековтың, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Достайқызының, химия пәнінің мұғалімі Ж.Т. Нұрғалиеваның, бастауыш сынып мұғалімі Р.Қ.Қыдырәлінің мақала мен сабақтары жарық көрді.
Аудандық LS зерттеу бойынша қоғамдастық аясында жұмыс атқардық. Қоғамдастық аясында №34 мектеп-гимназия оқушыларымен Ж.Естемесова зерттеу сабағын жоғары деңгейде өткізіп, білімі төмен оқушыларды қызықтыра білді. Оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығы артты. Мектеп – гимназияның әдістемелік жұмысы әдістемелік пән бірлестіктері арқылы , шығармашылық топтар (мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық) деңгейде тәжірибе алмасу мектептері мен облыстық, республикалық конференцияларға қатысу арқылы шыңдалды. М.У. Валиева өткізген онлайн семинарларға -100% мұғалім қатысып отырды. Әр
бірлестіктен зерттеушілер топтары, сарапшылар топтары, модераторлар топтары «Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс – тәсілдер» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Мұғалімдердің озық тәжірибелерін насихаттау, шығармашылық жұмысын,
кәсіби шеберлігін шыңдау бағытында аудан, облыс педагогтарына арналған семинарда іс-тәжірибелерімен бөлісті.
6.Аттестацияалқасыныңжұмысы.Мақсаты:Педагогкадрлардыңкәсіби біліктіліктерінің өсуі бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.
30.12.2022 ж. № 533 бұйрығына қосымша аттестацияға өзгерістер енді. Әдістемелік отырыста жаңа өзгерістер талқыланды. Аттестациядан өтетін ұстаздарға электронды портфолио жасауға ұсыныс жасалды. 20 мұғалім өтініш берді. 14 тесттен өтті. Екі мүмкіндікті пайдаланып шекті балл жинамаған -2 мұғалім. Жазда 4 мұғалім екінші мүмкіндікті пайдаланып шілде айында тест орталығына барады.
7.Мұғалімдердің білімін көтеру бағытындағы жұмыс.
Мақсаты: Мұғалімнің теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби шеберлігін және құзіреттілігін көтеру.
2022-2023 оқу жылында мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мақсатында мұғалімдер кестеге сай арнайы курстарға барып, білімдерін жетілдіріп отырды. Педагогтардың білім жетілдіруінің болжамдық жоспары бойынша педагогтар кәсіби біліктілік арттыру деңгейлік, тренерлік, үштілділік, көшбасшылық курстардан өткен ұстаздар бар. Сыни тұрғыдан оқыту мен жазу технологиясы, Модульдік оқыту технологиясы, интербелсенді әдістер бойынша сертификатталған. Педагогтардың білім жетілдірудің перспективалық жоспар бойынша біліктілікті арттыру курсына жіберіліп отырады, курстан өтпеген ұстаз жоқ.
8.Әдістемелік кеңестің жұмысы. Мақсаты: Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіруге, осы жұмыстың педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға, оқушылардың білім сапасын көтеруге әсерін күшейтуге бағытталған жұмыс қорын жасақтау.
Мектепшілік іс – шаралар әдістемелік бірлестік отырыстар белгіленген жоспар бойынша өткізілді. Тоқсан сайын ӘБЖ отырыстары өтіп отырды. ӘБ отырыстарында пәннің берілуі, сабақты жоспарлау мен өткізудің әдіс – тәсілдері, оқушылардың құзыреттілігі мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру проблемалары мен іс - тәжірибе қарастырылды. Оқушылардың білім сапасына қатысты мәселелер педкеңестер мен директор жанындағы отырыстарда талданады.
9.«Бастау» озық-тәжірибе шығармашылық тобының жұмысы. Мақсаты: Оқытуда интербелсенді әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, дарынды баланы анықтау, дамыту Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында мектепте әдістемелік пән апталықтары, семинар, коучинг жұмыстары ұйымдастырылады. Пән апталықтары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқу мен оқытудың технологияларын тиімді пайдалана отырып, білім сапасын көтерудің жолдарын жолдарына бағытталып өткізіледі.