2022-2023 оқу жылындағы ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ
05
июнь
2023

2022-2023 оқу жылындағы ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ

2022-2023 оқу жылындағы
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ

2022-2023 оқу жылында мектептің "Зерде" әдістемелік орталығы, оның ішіндегі 7 әдістемелік бірлестігі, «Жас мамандар» мектебі , «Дарын» орталығы, «Бастау» озық тәжірибе мектебі «Инновациялық білім беру – мұғалімдердің коммуникативтік – ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбы аясында жұмыс атқарды.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: Инновациялық білім беру – мұғалімдердің коммуникативтік-ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру, оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің деңгейін үзбей арттыру және шығармашылықпен жұмыс тәжірибесін эксперимент алаңындағы серіктес мектептермен бірігіп тәжірибе алмасу, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері арқылы білімді бәсекесіне қабілетті тұлға қалыптастыру.
Мектепте барлығы 101 мұғалім, оның 6 декретте, 95 мұғалім еңбек атқарады. Жоғары білімді-99, арнайы орта-2. Магистр-6. Ер адам-14.
Біліктілік санаты бойынша: Шебер мұғалім - 1, зерттеуші - 43, сарапшы - 25 , модератор - 8, разрядта - 18 жоғары санатта - 2, 1-санатты -2, 2- санатты -2. Жас мұғалімдер саны-10.
Оқу жылын 1115 оқушы аяқтады. Оқу озаты -233, оқу екпіндісі – 478
11 – сыныпты 49 оқушы аяқтады, оның ішінде «Алтын белгі» аттестатын алғандар -5, Үздік аттестат иегері – 6. ҰБТ- ге 44 оқушы қатысты. Оқу жылы соңында білім сапасы -71 пайызды құрады.
Мектептің ғылыми - әдістемелік жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді:
1.Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс. Мақсаты:Мұғалімдер мен мамандардың жетекшілігімен оқушылардың оқу пәні бөлімі ғылым саласы, өнер және техника бойынша зерттеу, шығармашылық, тәжірибе,іс-әрекет білімі мен іскерлігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ойын (интеллект) дамытуға ұмтылдыру.
Мектеп оқушылары түрлі байқау конкурстарға ұдайы қатысып отырады. Білікті ұстаздарымыздың тыңбай оқушымен тығыз байланыс орнатуы өз нәтижесін көрсетті.
Дарынды оқушымен жүргізілетін жұмыс жоспары бойынша шаралар іске асты. Атап айтқанда қазан айында мектепішілік ғылыми конференция өтіліп, жеңімпаздар аудандық кезеңге жолдама алды. Қараша айында мектепішілік олимпиадаға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Желтоқсан айында Бауыржан оқуларының аудандық кезеңі өтіліп, жүлделі орын иеленген оқушыларға оқу жылының соңына дейінгі демеушілер тарапынан шәкіртақы тағайындалды. Дарынды оқушылар онкүндігі мамыр айында жоғары деңгейде өтті. Оқу жылының соңында «Жыл оқушысы» байқауы нәтижесінде 9- сынып оқушысы Қанатбек Нұрсезім бас жүлдеге ие болды.
Оқу жылындағы олимпиадалар мен конкурстар нәтижесі:
«Дарын» ғылыми жоба конкурсы – Ғылыми жоба конкурсына қатысуға 8 оқушы сұраныс берді. Осы оқушылар аудандық кезеңге қатысып, нәтижесінде:
Этномәдениет секциясы бойынша - 9 сынып оқушысы Халық Ғалия 1 - орын – жетекшісі Нұрбатырова Бақыткүл Әшімқызы. Осы оқушы Облыстық кезеңнен өтіп, Республикалық кезеңде жүлделі екінші орынға ие болды.
Қазақ тілі пәнінен - 11 сынып оқушысы Құдайбергенұлы Елдос 2- орын – жетекшісі Есенқабылова Риза .
Биология секциясы - 9 сынып оқушысы Әділбек Жарқынай 3 - орын, жетекшісі Камзакова Назира Казизовна.
Тіл білімі секциясы /ағылшын тілі/ – 9 сынып оқушысы Сауранбай Ақниет 3 - орын,жетекшісі Оңласынова Гүлзат.
Даулетбай Нұршуақ тарих секциясы – 10 сынып оқушысы 3 - орын жетекшісі Мусабекова Зауре.
«Зерде» Республикалық зерттеу жобаларының конкурсының аудандық кезеңіне 1-4 сыныптар арасында 4 оқушы, 5-7 сыныптар арасында 4 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге қатысқан :
Мақсатқызы Каусар 4 сынып оқушысы қазақ тілі секциясы 1-орын,жетекшісі Рысқұлова Назгүл.
Абдрайм Али робототехника – 1- орын , жетекшісі Сейтімбетов Әсет Елшибайұлы.
Жакипова Алуа өлкетану 3 – орын, жетекшісі Булегенова Индира Бекболатқызы.
Нәтижесінде 7- сынып оқушысы Абдрайм Али облыстық кезеңге қатысып, 2- орын иеленді.
Кіші Ғылым академиясының экология секцисына қатысқан 10 сынып оқушысы Алиасқар Аяжан 3- дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Камзакова Назира.
Пәндік олимпиада бойынша - қазан айында мектепішілік кезеңге 67 оқушы қатысты. Әр пәннен 1 - орын иеленген 23 оқушы аудандық кезеңге қатысты.
Лұқпан Сабина 10 сынып оқушысы –қазақ тілі 2 - орын, жетекшісі Шынтемірова Роза Медетовна.
Сейітқазы Ерболат 11 сынып оқушысы физика пәні, жетекшісі Кодекова Айгерім Бірлікқызы.
Есдәулет Айгерім 11 сынып оқушысы, биология 1- орын, жетекшісі Камзакова Назира.
Үрімжан Айғаным қазақ тілі 11 сынып, 1- орын – жетекшісі Есқожаева Лена Алмасовна.
Нәтижесінде облыстық пәндер олимпиадасынан 11 – сынып оқушылары Үрімжан Айғаным қазақ тілінен Есдәулет Айгерім биология пәнінен қатысып, жүлделі 3 - орындарға ие болды.

Республикалық балалар оқуы байқауының аудандық кезеңіне 3 - сынып оқушысы Тауұлан Шыңгер қатысып 1- орын иеленіп, облыстық кезеңінде 3- дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Солтанбекова Айгерім.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауында «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясын иеленді. Жетекшісі Сейтімбетов Әсет.
Қадыр МырзаАли оқуының облыстық кезеңіне қатысқан 7 сынып оқушысы Әшен Жанель 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мағжан оқуларының аудандық кезеңінде 7 сынып оқушылары Абайқызы Толғанай 2 - орын, Нұрбекқызы Зейнеп 3 - орындарды иеленді. Жетекшісі Есқожаева Лена.
Кемел оқуларының аудандық кезеңіне қатысқан 10 сынып оқушылары Болат Жібек және Әскербек Айым 3 - орындарды иеленді. Жетекшісі Сыдықова Бақыт Казбековна.
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінде өткен Республикалық «Болашақ дизайнер – баспагер, редактор» байқауына 10 сынып оқушысы Алиасқар Аяжан қатысып , сертификат иеленді. Жетекшісі Сыдықова Бақыт Казбековна. Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, детектив жанрының негізін қалаушы, нар тұлғалы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай , «Қазақ детективінің дарабозы» атты тұлғатану кешіне 9-10 сыныптың он оқушысы қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Сыдықова Бақыт Казбековна.
«Айқанат» олимпиадасына 8 сынып оқушыларынан 23 оқушы қатысты. Осы оқушылар арасынан 14 оқушы облыстық кезеңге қатысты. Облыстық кезеңге қатысқан 8 - сынып оқушысы Байтықбай Мөлдір жоғары ұпай жинап, маусым айында Республикалық кезеңге қатысып, Алғыс хатпен оралды.. Жетекшісі химия пәні мұғалімі Нұрғалиева Жанар Талғатқызы. Сынып жетекшісі Байғазиева Жанар Болатовна.
«Мың бала» олимпиадасына 34 оқушы қатысып, білімдерін сынады. Осы оқушылар арасынан 6 в сынып оқушысы Жұмақадыр Іңкәр , Айтақын Алуа финалға шықты. Нәтижесінде Жұмақадыр Іңкәр «Мың бала» жеңімпазы атанды, жетекшісі Наетова Жанар Айдаровна.
Республикалық «Дарын Онлайн» білім беру платформасы ұйымдастырған тарих пәнінен өткен 3- Республикалық олимпиадаға 9 сынып оқушысы Нұрғазы Айым қатысып, 1-орын және арнайы бағалы сыйлықты иеленді. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Үмбетова Тұрсынкүл әлдибекқызы.
Республикалық «Тарих ата» байқауына қатысқан 7 сынып оқушысы Әбдірайым Али 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Абдрасилова Ұлбосын Қалыбайқызы.
Республикалық ғылыми жоба жеңімпазы Мұсабек Азыретали 2-дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Бекова Гүлнар Қожақанқызы.
Республикалық «Жыр керуені» Оқуға құштар жобасы аясында өткен конкурстың Бас жүлде иегерлері 8 Б сынып оқушылары, пән мұғалімі Құралай Достайқызы.
Жалпы мектеп оқушылары арасынан 32 оқушы аудандық , 10 оқушы облыстық , 9 - оқушы Республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды.
Мектепте тәрбие саласы бойынша жоспарланған іс шаралар орындалып, спорт және өнер бағыты бойынша шараларға оқушылар қатысып, жүлдел орындарға ие болды. Атап айтқанда, спорт саласы бойынша:
«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» разрядын алғандар:
Болсынғазы Ілияс- еркін күрес бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» 01.02.2023 бұйрық №03
Болсынғазы Диас- еркін күрес бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» 01.02.2023 бұйрық №03
Жумабеков Бекарыс Нургисаевич- бокс бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» 01.03.2023 бұйрық №06
Наурызбай Мейрбек Нұрманбекұлы- бокс бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» 01.03.2023 бұйрық №06
Республикалық жарыстар:
Рашидұлы Абдулғани- таэквондодан Астана қаласында өткен Қазақстан Чемпионатында І орын
Жумабеков Бекарыс- бокстан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының «Батыс» аймақтық чемпионатында ІІІ орын
Жумабеков Бекарыс- бокстан Ауғанстан соғысының аяқталуына 34 жыл толуына орай Республикалық ашық турнирде Алғыс хат
Укенов Али- жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІІ орын
Болсынғазы Ильяс- еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында Республикалық CK «NAMYS» турнирінде ІІ орын
Болсынғазы Диас- еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында Республикалық CK «NAMYS» турнирінде ІІІ орын
Қожақан Ару- волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы орынчемпионатында І орын
Жетекшісі Тулев Тимур
Сарсебай Іңкар- волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында І орын, Жетекшісі Тулев Тимур
Килибаева Айша – волейболдан 2004-2005 ж.т. жасөспірім (қыздар) командалар арасындағы Қазақстан Республикасының күзгі Чемпионатында ІІ орын, жетекшісі Тулев Тимур
Киреева Аянат- волейболдан 2004-2005 ж.т. жасөспірім (қыздар) командалар арасындағы Қазақстан Республикасының күзгі Чемпионатында ІІ орын, жетекшісі Тулев Тимур
Киреева Аянат- жағажай волейболынан 2006-2007 ж.т. қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының маусым чемпионатында І орын, жетекшісі Тулев Тимур
Қожақан Ару- жағажай волейболынан 2006-2007 ж.т. қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының маусым чемпионатында І орын, жетекшісі Тулев Тимур
Облыстық жарыстар:
№35 мектеп командасы- тоғызқұмалақтан Алматы облысының кубогі турнирінде І орын
Жумабеков Бекарыс- бокстан кіші жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионатында ІІІ орын
Умирбеков Ербол- футзалдан 2009-2010 жасөспірімдер арасындағы Алматы облысының чемпионатында ІІ орын
Болсынғазы Ильяс- еркін күрестен Алматы облысының Чемпионатында ІІІ орын
Болсынғазы Диас- еркін күрестен Алматы облысының Чемпионатында ІІ орын
Қожақан Ару- волейболдан 2006-2007 ж.т. қыздар арасында Алматы облысының күзгі Чемпионатында І орын, жетекшісі Тулев Тимур
Тоқтасынова Альбина- волейболдан 2006-2007 ж.т. қыздар арасында Алматы облысының күзгі Чемпионатында І орын, жетекшісі Тулев Тимур.
Сарсебай Іңкар- волейболдан 2006-2007 ж.т. қыздар арасында Алматы облысының күзгі Чемпионатында І орын, жетекшісі Тулев Тимур
Киреева Аянат- волейболдан 2006-2007 ж.т. қыздар арасында Алматы облысының күзгі Чемпионатында І орын, жетекшісі Тулев Тимур
Жұмаділ Абдурахим- дзюдодан Алматы облысының Чемпионатында ІІІ орын
Аудандық жарыстар:
Тоғызқұмалақ- Алматы облысы жасөспірімдер арасындағы Кубогына командалық есепте І орын, жетекшісі Сатыпалды Ермухамет
Футбол- Аудандық футбол ойындарынан жарыста І орын, жетекшісі Санақбеков Нұрлан
Шахматтан- Талғар аудандық квалификациялық турнирінде ІІІ орын, жетекшісі Ташкенбаев Оңғар
Асқаржан Мәди- еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Талғар ауданының біріншілігінде ІІІ орын
Шакен Мұхаметжан- еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Талғар ауданының біріншілігінде ІІІ орын
Айдосұлы Хамза- еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Талғар ауданының біріншілігінде ІІІ орын
Жақанша Жарқын- таэквондодан Алматы қаласының турнирінде І орын

Өнер саласы бойынша:
Халықаралық жарыстар:
Қанатбек Нұрсезім- эстрадалық вокал бойынша Халықаралық «Бойтұмар» өнерлі байқауында І орын
Мәулен Нұрәлі- IY Халықаралық «ART BASTAU» байқауында бас жүлде, Туркия мемлекетіне жолдама алды
Болат Шәкәрім- көркем сөз оқудан Халықаралық «ALANS STAR» байқауында І орын, жетекшісі Қыдырәлі Рима
Қанапия Перизат- Халықаралық «Мен де жұлдыз боламын» байқауында ІІ орын, Туркия-Москваға жолдама алды
Республикалық жарыстар:
Бақтыбаева Асима- көркемсөз оқудан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламасын насихаттау мақсатында өткізілген Республикалық байқауда І орын
Мәулен Нұрәлі- вокал номинациясы бойынша YI Республикалық «Тайжарыс» байқауында бас жүлде, жетекшісі Емениязова Асель
Бейсембек Алтынай- вокал номинациясы бойынша YI Республикалық «Тайжарыс» байқауында І орын, жетекшісі Емениязова Асель
Әшен Жанель- Қазақ Академия өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен
І Республикалық байқауында бас жүлде
Бейсембек Алтынай- вокал номинациясы бойынша YI Республикалық «Өнер алаңы» байқауында І орын, жетекшісі Емениязова Асель
Маулен Нұрәлі- YI Халықаралық «Өнер алаңы» байқауында Бас жүлде, жетекшісі Емениязова Асель ,
«Талант» ансамблі- аспапта ойнау номинациясы бойынша Астана қаласында өткен IY Республикалық «Өнер алаңы» байқауында бас жүлде
«Талант» ансамблі- аспапта ойнау номинациясы бойынша Y Республикалық «TAIZHARYS STAR» байқауында ІІ орын
«Талант» ансамблі- аспапта ойнау номинациясы бойынша Астана қаласында өткен Y Республикалық «Сайра бұлбұл» байқауында бас жүлде
«Талант» ансамблі- аспапта ойнау номинациясы бойынша Астана қаласында өткен YІ Республикалық «IC STAR-2023» байқауында І орын
Аудандық жарыстар:
«Кербез» би ансамблі-«Балдай тәтті балғын шақ» байқауында бас жүлде
35 мектеп- «Берекелі күз» байқауында І орын
35 мектеп- «Жастар нашақорлық пен СПИД-ке қарсы» КТК- ойынында ІІ орын
35 мектеп «Нартәуекел» командасы аймақтық жайдарман ойынында Бас жүлде, аудан әкімінің жүлдесі үшін аудандық сайыста ІІ орын 50000 тг сертификат иеленді
Жалпы алғанда :
Аудандық байқаулар –54
Облыстық байқаулар –31
Республикалық байқаулар - 28 оқушы
Халықаралық өнер бағытындағы байқаулар - 4


2. Мектептегі әдістемелік бірлестіктермен жүргізілетін жұмыс. Мақсаты: Бірлестіктер бойынша жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу, талдау, бірлестіктегі пән мұғалімдеріне әдістемелік бағытта көмектер ұйымдастыруды жоспарлау, мұғалімнің кәсіби өсуіне жағдайлар туғызу. 2022-2023 оқу жылының басында пән бірлестік жетекшілері тағайындалып, жұмыс жоспары бекітілді. Онда жыл бойы өтілетін ашық сабақтар, сабақтан тыс жұмыстар, онкүндік жұмыстары, бірлестік отырысының тақырыптары, баяндамалар, мамандықты жетілдіру жұмыстары жоспар бойынша атқарылды. Жоғарыда аталған бірлестіктердің онкүндіктері қызықты да мазмұнды өтті. Онкүндіктің қорытынды анықтамалары жазылып, жұмыстары жинақталды. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және интерактивті тақтаны қолдану арқылы ашық сабақтардың саны артты.
Онкүндік кезінде сабақ өткізген ұстаздарға кеткен кемшіліктерге ұсыныстар берілді. Сыныптан тыс іс-шара, шығармашылық көрме, апталықтың рәсімделуі, ұйымдастырылуына ерекше мән берілді. Бір – біріне ұқсамайтындай, оқушының қызығушылығын арттыратындай, оқушының интеллектуалдық деңгейін арттыратын шаралар ұйымдастырылды. Жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, математика мен информатика бірлестіктерінің ұстаздары онкүндіктеріне шығармашылықпен дайындалған.
Аудандық МШМО өтті. Біздің мектептен спикер болған мұғалімдер Абдрасилова Ұ.Қ тарих пәнінің мұғалімі, Сатылған А.Е. математика пәнінің мұғалімі, Булегенова И.Б. география пән мұғалімі, Байғазиева Ж.Б. орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1)Қазақ тілі мен әдебиеті тарих пәндерінің бірлестігі.
Жетекшісі: Б.Сыдыкова «Қазақ тілі мен әдебиеті, тариха сабақтарында дамыта отырып оқыту технологиясы негізінде оқушылардың жеке ізденісіне негіз салу, оны ұйымдастыру жолдары» атты әдістемелік тақырыппен жұмыстанады. Бірлестікте қазақ тілі маманы – 10 мұғалім, ( педагог-зерттеуші – 6, педагог-сарапшы – 3, жоғ санатты – 1). Тарих пән мұғалімдерінің құрамы - 6 мұғалім.( Шебер-1, педагог-зерттеуші -3, педагог- сарапшы – 1, санаты жоқ-1. Сапалық құрамы – 99% білікті. Білім сапасы: қазақ тілі -73%, Әдебиет-78%, тарих -75%. Үлгерім - 100%
2)Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің бірлестігі.
Жетекшісі: М.К.Джумабекова. Әдістемелік тақырыбы: «Білім бәсекесіне қабілетті оқушы тәрбиелеуде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыру». Барлық мұғалімдер саны – 8, (педагог-зерттеуші – 1, модератор – 2,сарапшы-1, жоғарғы-1). сапалық құрамы - 40% білікті.
Білім сапасы: орыс тілі -83%, Үлгерім - 100%
3) Ағылшын тілі пәндерінің бірлестігі. Жетекшісі: Г.Қ.Қаржаубекова. Әдістемелік тақырыбы: «Білім бәсекесіне қабілетті оқушы тәрбиелеуде ағылшын тілі сабақтарында жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, тіл дамыту». Барлық мұғалімдер саны – 11, (педагог-зерттеуші – 1, сарапшы – 2, модератор – 3, ІІ санатты-1. сапалық құрамы - 70% білікті. Білім сапасы: ағылшын тілі -79%, Үлгерім - 100%
4) Математика мен Информатика пәндерінің бірлестігі. Жетекшісі: А.Т.Инсебаева. Әдістемелік тақырыбы: «12 жылдық білім беру мен бағдарлы оқытуға көшу бағытында пән мұғалімдерінің жаңа педагогикалық технологияларды сабақтың әр-түрлі сатыларында қолдану негізінде оқушылардың ойлау іс-әрекет белсенділігін жетілдіруі.» Бірлестікте барлығы – 13 мұғалім, (педагог-зерттеуші-6, сарапшы-3, модератор-1. сапалық құрамы – 77 % білікті. Білім сапасы: математика -69%, информатика-70%, Үлгерім - 100%
5) Жаратылыстану пәндерінің бірлестігі. Жетекшісі: А.Б.Кодекова. Әдістемелік тақырыбы: «Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру». Бірлестікте барлығы – 12 мұғалім, (педагог-зерттеуші -7, сарапшы- 2, модератор – 1, І санат - 1) сапалық құрамы – 85% білікті. Білім сапасы: жаратылыстану -69%, Үлгерім - 100%
6) Бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігі. Жетекшісі: Л.Т.Сейдекова Әдістемелік тақырыбы: «12 жылдық білім беру мен бағдарлы оқытуға көшу бағытында пән мұғалімдерінің педагогикалық технологияларды сабақтың әр-түрлі сатыларында қолдану негізінде оқушылардың сауатын ашу, ойлау іс-әрекет белсенділігін жетілдіру». Құрамы : 26 мұғалім, (педагог зерттеуші -11, педагог-сарапшы - 10, модератор – 1, І санатты - 1 ІІ санатты-1) Сапалық құрамы: 85% білікті.
Білім сапасы: бастауыш -84%, Үлгерім - 100%
7) Өнер бірлестігі – дене шынықтыру, көркем өнер, музыка, АӘД пәндерінің бірлестігі. Жетекшісі: Е.Нақысбеков .«Оқушылардың денсаулығы мен жан саулығын байланыстыра отырып салауатты өмір сүруге тәрбиелеуді жетілдіру». Бірлестікте барлығы – 14 мұғалім, (педагог-зерттеуші -8, сарапшы – 4, модератор-1) сапалық құрамы –86% білікті.
Білім сапасы- 100%, Үлгерім - 100%.
3.Жас мамандармен жұмыс
Мақсаты: Кәсіптік қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылға жетпейтін жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Бірінші жарты жылдықта жоспар бойынша семинарлар мен дөңгелек үстел отырыстары болды. «Педагогикалық дебют-2022» жас мамандар байқауына Досымхан Ұлжан математика пәнінің мұғалімі қатысып, алғыс хатпен оралды.
4.Іс-тәжірибе тарату бағытындағы жұмыстар
Мақсаты:Қазіргі білім жүйесіне бағытталған шығармашыл, педагогикалық ізденіске бейім мұғалімдерді анықтау.
Астана қаласына Республикалық Педагогикалық Ғылыми Конференцияға тәжірибе алмасуға 4 бағыт бойынша мектебімізден төмендегі 7 мұғалім барып, тәжірибе алмасып, сертификатпен оралды. Мақалалары Республикалық жинаққа шықты.
Достайқызы Құралай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – тіл бағыты;
Қапалбаева Гүлназ Ержанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-тіл бағыты;
Джумабекова Мира Камзаевна орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-тіл бағыты;
Уркинбай Ботагөз Тұрсынгелдіқызы бастауыш сынып мұғалімі –тәрбие бағыты;
Далдабаева Нурбану Нурашовна бастауыш сынып мұғалімі –тәрбие бағыты;
Қыдырәлі Рима Қыдырәліқызы бастауыш сынып мұғалімі –тәрбие бағыты;
Емениязова Асель Ермековна музыка пәнінің мұғалімі-өнер бағыты;
5.Облыстық эксперимент аясында, магниттік мектептер арасында, LS зерттеу қоғамдастық аясында өткен жұмыстар.
Мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибелерін, бағдарламаларын аудан, облыс көлемінде тарату жұмыстарын қадағалау.
Мектебіміз үш бағытта жұмыс атқарып жатыр. 1) Облыстық «Магниттік мектептермен» Смағұлов атындағы мектеп-интернатпен және ауданымыздың №32, 13 мектептермен «Білім сапасын көтеру» тақырып аясында.
2) Облыстық бесінші эксперимент аясында «Инновациялық білім беру – мұғалімдердің коммуникативтік-ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбы аясында Талғар ауданы бойынша №28, №20, №34, №35 серіктес мектептермен бірігіп Алматы облысының 8 ауданы және Қонаев қаласындағы №3 мектеппен тәжірибе алмасып, биыл қорытынды кезеңі желтоқсан айында аяқталды, 3 жылғы эксперимент нәтижесінде 100 дана жинақ шықты. V облыстық эксперимент аясында істелінген жұмысты қорытындылап, облыстық жинаққа мектеп директоры Б.М.Малдыбековтың, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Достайқызының, химия пәнінің мұғалімі Ж.Т. Нұрғалиеваның, бастауыш сынып мұғалімі Р.Қ.Қыдырәлінің мақала мен сабақтары жарық көрді.
Оқу - тәрбие үрдісінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің деңгейін үзбей арттырып және шығармашылықпен жұмыс тәжірибесін эксперимент алаңындағы мектептер, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері арқылы білімді бәсекесіне қабілетті тұлға қалыптастырып, цифрлық сауаттылығын дамытты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы, сондай-ақ, жаңа Қазақстандық білім беру ісінде 4К моделі аясында тәрбиелеуге тұлғалық – бағытталған көзқарас пен іс-әрекетке сенімді қарау ұстанымдарына негізінде «РУХАНИ УЫЗ»-МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ БАСТЫ ҰСТАНЫМ» тақырыбы аясында Талғар ауданының №35, № 20, № 28 мектептер 2023 жылдың қаңтар айында VI Республикалық экспериментке кірді.
Жобаға қатысушылар: Алматы облысынан:
ТалғарауданыБ.Момышұлыатындағы №35 ОМГ, № 20 ОМ; № 28 ОМ;
Райымбек ауданы Албан Асан Барманбекұлы атындағы ОМГ;
Ұйғыр ауданы Д.Қонаев атындағы ОМ;
Ж. Құдайбергенов атындағы № 2 ОМ
Абай атындағы ОМГ;
Жамбыл ауданы Жамбыл атындағы ОМ;
Мыңбаев ОМ;
Іле ауданы Әл-Фараби атындағы № 46 орта мектеп;
Жамбыл ауданы «Жас ұлан» оқушылар үйі;
Жетісу облысынан:
Ақсу ауданы Н.Есеболатов атындағы ОМ;
Панфилов ауданы Билал Назым атындағы ОМ;
Түркістан облысынан Арыс қаласыҚабылсай ОМ.
Алматы қаласы № 2 ОҮ.
Жоба жұмысының жүргізілу мерзімі мен кезеңдері:
-Даярлық(теориялық)кезең:2022-2023оқу жылының ІІ жарты жылдығы;
-Практикалық (тәжірибелік) кезең: 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары;
Қорытынды кезең: 2026 жыл.
Жобаны жүзеге асырудан күтілетін түпкі нәтиже:
•Мектептің оқу-тәрбие үдерісі арқылы жас ұрпақ бойында жеке басына тән, қоғамға қатысты, азаматтық қасиеттері, яғни мейірімді, инабатты адам, бауырмал отбасы мүшесі, шығармашыл дара тұлға, жауапкершілгі мол азамат, салауатты да салиқалы тұлға қалыптасады.
•Мектептің оқу-тәрбие мазмұнын оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағыттай құру және сыныптан тыс жүргізілетін қолданбалы курстар, әр бағыттағы үйірме жұмыстары, зерттеу топтарын құру жүзеге асырылады.
•Баланың жас және даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстары жүйеленеді.
•Тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне ата-аналар назарын аудару, мектеп-отбасы тәрбие жұмыстары жетілдіріледі.
•«Коммуникативті-руханиятты, азаматтық құзыретті оқушы»» моделі дайындалады;
• Оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың қызметіне дифференциялды мазмұн беру жүзеге асырылады, білім алушылардың өзіндік даму траекториясы қалыптасады;
•«Рухани уыз» -мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным» бағытында тәжірибе алмасу мақсатында мектептердің шығармашылық-серіктестік, ынтымақтастық, үндестік іс-әрекеті жүзеге асырылады;
3)Аудандық LS зерттеу бойынша қоғамдастық аясында жұмыс атқардық.
Облыстық магниттік мектептер арасында, LS зерттеу қоғамдастық аясында өткен жұмыстар. Мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибелерін, бағдарламаларын аудан, облыс көлемінде тарату жұмыстарын қадағалау.
Қоғамдастық аясында №34 мектеп-гимназия оқушыларымен Ж.Естемесова зерттеу сабағын жоғары деңгейде өткізіп, білімі төмен оқушыларды қызықтыра білді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Мектеп – гимназияның әдістемелік жұмысы әдістемелік пән бірлестіктері арқылы , шығармашылық топтар (мектепішілік, аудандық, облыстық,
республикалық) деңгейде тәжірибе алмасу мектептері мен облыстық, республикалық конференцияларға қатысу арқылы шыңдалды.
М.У. Валиева өткізген онлайн семинарларға -100% мұғалім қатысып отырды. Әр бірлестіктен зерттеушілер топтары, сарапшылар топтары, модераторлар топтары «Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс – тәсілдер» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Мұғалімдердің озық тәжірибелерін насихаттау, шығармашылық жұмысын, кәсіби шеберлігін шыңдау бағытында аудан, облыс педагогтарына арналған семинарда іс-
тәжірибелерімен бөлісті.
6.Аттестация алқасының жұмысы.
Мақсаты: Педагог кадрлардың кәсіби біліктіліктерінің өсуі бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.
30.12.2022 ж. № 533 бұйрығына қосымша аттестацияға өзгерістер енді. Әдістемелік отырыста жаңа өзгерістер талқыланды. Аттестациядан өтетін ұстаздарға электронды портфолио жасауға ұсыныс жасалды. 20 мұғалім ұсыныс берді. Оның 14 тесттен өтті, 2 мұғалім шекті балл жинай алмады. Шілде айында 4 мұғалім тест тапсырады.

9, 11 сыныптардағы қорытынды аттестаттаудың дайындығын талдау және кемшіліктерді анықтау.
2023 жылы мектептің қорытынды емтихандары мен демалыстарын өткізу мерзімдері туралы Электрондық үкіметтің сайтында жария талқылау үшін 2022-2023 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекітетін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы орналастырылған. Жария талқылау ағымдағы жылдың 2 наурызында аяқталады. Бұйрықта оқу сабақтарының, қорытынды және мемлекеттік бітіру емтихандарының, қорытынды аттестаттаудың аяқталу мерзімі көрсетілген.
1) Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектептердегі оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.
2) 9 (10) сынып оқушыларының қорытынды қорытынды емтихандары 2023 жылғы 2 маусым мен 13 маусым аралығында өтеді.
3) 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5 маусымнан 19 маусымға дейін.
Қорытынды аттестаттау:
9 (10) сынып оқушылары үшін:
- қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
- математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (тест) – 6 маусым 2023 жыл;
- қазақ тілі мен әдебиеті бойынша орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 9 маусым 2023 жыл;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 13 маусым 2023 жыл.
11 (12) сынып оқушылары үшін:
- ұйғыр / тәжік / өзбек тілдерінде оқытатын мектептер/сыныптар үшін қазақ тілі / орыс тілі және ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі) – 5 маусым 2023 жыл;
- алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 8 маусым 2023 жыл;
- Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
- қазақ тілі мен әдебиеті бойынша орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 15 маусым 2023 жыл;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 19 маусым.

7.Мұғалімдердің білімін көтеру бағытындағы жұмыс.
Мақсаты: Мұғалімнің теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби шеберлігін және құзіреттілігін көтеру.
2022-2023 оқу жылында мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мақсатында мұғалімдер кестеге сай арнайы курстарға барып, білімдерін жетілдіріп отырды. Педагогтардың білім жетілдіруінің болжамдық жоспары бойынша педагогтар кәсіби біліктілік арттыру деңгейлік, тренерлік, үштілділік, көшбасшылық курстардан өткен ұстаздар бар. Сыни тұрғыдан оқыту мен жазу технологиясы, Модульдік оқыту технологиясы, интербелсенді әдістер бойынша сертификатталған. Педагогтардың білім жетілдірудің перспективалық жоспар бойынша біліктілікті арттыру курсына әлі де жіберіліп отыр.
8.Әдістемелік кеңестің жұмысы. Мақсаты: Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіруге, осы жұмыстың педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға, оқушылардың білім сапасын көтеруге әсерін күшейтуге бағытталған жұмыс қорын жасақтау.
Мектепшілік іс – шаралар әдістемелік бірлестік отырыстар белгіленген жоспар бойынша өткізілді. Тоқсан сайын ӘБЖ отырыстары өтіп отырды. ӘБ отырыстарында пәннің берілуі, сабақты жоспарлау мен өткізудің әдіс – тәсілдері, оқушылардың құзыреттілігі мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру проблемалары мен іс - тәжірибе қарастырылды. Оқушылардың білім сапасына қатысты мәселелер педкеңестер мен директор жанындағы отырыстарда талданды.
9.«Бастау» озық-тәжірибе шығармашылық тобының жұмысы. Мақсаты: Оқытуда интербелсенді әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, дарынды баланы анықтау, дамыту.
Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында мектепте әдістемелік пән апталықтары, семинар, коучинг жұмыстары ұйымдастырылды. Пән апталықтары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқу мен оқытудың технологияларын тиімді пайдалана отырып, білім сапасын көтерудің жолдарын жолдарына бағытталып өткізілді.
Жыл бойынша атқарылған жұмыстарды SWOT-анализге салып қорытындылау:
Strengths - күшті жақтары
•Мектеп оқушыларын байқау, олимпиадаға қатыстыру жұмысы сапалы жүрді;
•Іс-тәжірибе тарату жұмыстары нәтижелі жүргізілді. Мектеп педагогтарының біліктіліктерін арттыру мақсатындағы «Өрлеу біліктілікті арттыру институты» , ПШО, облыстық әдістемелік кабинет тарапынан жіберілген кестеге сәйкес сабақ беретін пәндері бойынша деңгейлік , жоспарлы, көшпелі курстардан өтіп, білімдерін жетілдіруі
•Жалпы жаңа бағдарлама бойынша ұстаздарын курспен 100% пайыз қамтылуы;
•Мұғалімдердің және үйлестірушілердің жаңартылған білім беру мазмұны аясында курстан өтуі;
•Мектеп үйлестірушілері жұмыстарының дұрыс жолға қойылғандығы;
•Үйлестірушілердің атқарылған жұмыстарына өзіндік рефлексияны жүргізу деңгейінің жоғарылауы.
•Оқу мен оқытудағы педагогтар қызметіндегі жаңашылдық;
•Мұғалімдердің үйренген әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолдануы;
•Жетекші мектептердің санының артуы және серіктес мектептермен жұмыстың жандануы;
•Деңгейлік курс бойынша сертификатталған мұғалімдердің белсенді жұмыс жасауы;
•Әдістемелік материалдардың қол жетімділігі;
• Білім мекемелерінің оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруы, қорытынды аттестаттауға, пәндердің сапасын , әдістемелік жұмыстардың жүргізілуі, мұғалімдердің білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша жұмыстары арқылы білім сапасының көтерілуі.
•Тіл және өнер, спорт бағытындағы түрлі конкурстарға мектеп оқушыларының қатысып, жеңімпаздардың көбеюі
•Әдістемелік көмек жұмыстарын жүргізуге, әдістемелік күндерді нақты тақырып, нақты бағытта өткізу арқылы мұғалімдер жұмысын жетілдіруге көмек нәтижесінің болуы.
•«Жыл пән мұғалімі» байқауларын әр пән бойынша, күрделі ереже арқылы пән мұғалімдерін толық қатыстыра отыра өткізу, мұғалімдерді шығармашылық жұмыстарға жетелеудің бәсекелестікті арттыруға ықпалының болуы
•Мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығы артты;
Weaknesses – әлсіз жақтары
•Жаңа модификациялық кабинет мүмкіндіктерін толық қолдана алмау;
•Интернет желісінің әлсіздігі;
•Ақпараттандырудың төмендігі;
•Педагогтердің шығармашылық әлеуетін көтеру үшін кәсіби байқаулар мен қашықтық олимпиадаларға жан-жақты қатысуын әлі де жандандыру.
•Кей жағдайда негативтік көзқарастың болуы;
•Мұғалімдердің практикадағы өзіндік талдауы мен рефлексиялау деңгейінің төмендігі;
•Критерийлер мен дескрипторларды құрудағы дағдының жеткіліксіздігі;
•Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құруға дағдының жеткіліксіздігі;
Opportunities – мүмкіндіктері
•Дарынды-талантты оқушылармен нәтижелі жүргізілетін жұмыс түрлері
•Озат тәжірибені респ. басылым беттеріне жариялау;
•Педагогтың ғылыми практикалық конференцияларға қатысуы Педагог мамандардың облыстық, республикалық деңгейдегі кәсіби байқауларға, педагогикалық оқуларға, конференция , семинарларға қатысуы;
•Мұғалімдер интернет ресурстарын қолдануы;
•- Мұғалімдердің өзгерсем деген ниеті мен кез-келген мәселеге ойлана қарауы т.б.;
•- Біліктілікті үздіксіз арттыру және адамның бүкіл өмірінде білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін инновациялық орта қалыптастыру;
•Үздіксіз білім алу қағидасын қолдау, дамыту;
•Озық тәжірибе алмасу; Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша педагог кадрларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау;
•Білім беру мекемелеріне зерделеулер жасау арқылы әдістемелік көмек беру, оның сапалы жұмыс жасауына бақылау жасау; Педагогтердің озат тәжірибе алмасуын жүзеге асыру, баспа материалдарын жариялау;
•Жаңа модификациялық кабинет мүмкіндіктерін толық қолдану арқылы білім сапасын арттыру;
•Мобильді топ жұмысын дұрыс жүргізе отырып, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектептерге сапалы әдістемелік қолдау көрсету;
Threats - қауіп
Оқу мақсаттары мен ол мақсаттарға жету үшін дарынды оқушылармен жұмысты нәтижеге бағыттап жүргізуде ғылыми жоба сайыстарына дайындау үшін зерттеу жұмыстарына оқушыларды баулымау
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдіру мен сабақ сапасын арттыруда LS үдерісінің тоқтап қалуы
Педагог мамандардың өзіне-өзі бақылау-бағалау жүргізе алмауы;
 Педагог кадрлардың арасында өздігінен білім алуға және кәсіби өсуге ұмтылыс деңгейінің төмендігі;
 Инновациялық жұмыстың нәтижесін бақылау критерийлерінің жоқтығы;
 Мұғалімдердің зерттеу жұмыстарының жоқтығы;
Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда кісіби деңгейлерінің төмендігі;
Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы;
Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы;
Ұсыныс:
1.Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жеке, қосымша жұмыстар жүргізіп, жүргізілген жұмыстардың нәтижесін қатаң түрде талдау жасалынсын.
2. Тереңдетіліп оқытылатын пәндерден әр түрлі тақырыптарда конкурстар, байқаулар, арнайы сабақтар уақыттылы жүргізілсін.
3.Әр пән бойынша оқушының қабілеті, таңдауына қарай олимпиада резервтерімен жұмысты жалғастырсын.
4.Олимпиадаға дайындауда пән мұғалімдері оқушыларды жан-жақты әзірлеу, жоғары оқу орындарымен байланыс жасау жалғасын тапсын;
5.Жаңа оқу жылына әр пән мұғалімі өз пәні бойынша олимпиада, ғылыми жоба, мәнерлеп оқу, шығарма жазу резервтерінің тізімін жасақтап, олимпиадаға нақты, тұрақты оқушымен жұмыстану арқылы нәтижелі жұмыс көрсетсін.
6.Жылдық қорытындысы бойынша әр пән мұғалімі дарынды оқушымен жұмыс бойынша терең талдау жасай отырып, түзету жұмыстарын көрсете отырып, аналитикалық талдау жүргізсін.
7.ЖОО байланыс, серіктестік мектеппен байланыс бағытындағы жұмыс жалғасын тапсын;
8.6-7-8 – сынып оқушыларын Облыстық техникалық шығармашылық орталығына тарту, шеберханада жұмыстануға баулу, Робототехника үйірмелеріне бейімдеу физика, информатика пәні мұғалімдеріне тапсырылсын;
9.Ғылыми жоба тақырыптарын таңдауда заман талабына сай оқушы мүмкіндігіне, оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келетін көшірме емес, өзекті нақты тақырып алынып, тақырыптарды дұрыс таңдау жетекшілердің қатеріне берілсін;
10.Жылдық қорытындысы бойынша жетістікке жеткен ұстаздарды аудандық, облыстық, республикалық марапатқа ұсыну әкімшілікке ұсынылсын.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары                             Қ.Достайқызы
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары                    Д.Х.Батырханова